Accessibility links

Тәуелсіз комиссия Абу Ғрайып түрмесіндегі азаптауларға АҚШ қорғаныс министрлігі жол ашқан емес деген қортындыға келді


Абу Ғрайып түрмесінде ирақ тұтқындарын американдық сақшылар азаптады, қорлады деген шатақ үш ай бойы АҚШ тәуелсіз комиссиясында тексерілді. Енді міне – комиссияның қортындысы белгілі болды. Комиссия Абу Ғрайып түрмесіндегі азаптауларға АҚШ қорғаныс министрлігі жол ашқан емес деген қортындыға келді.

Комиссия негізгі кінәні АҚШ-тың Ирақтағы қолбасшыларына артып отыр. Комиссияны бұрынғы қорғаныс министрі Джеймс Шлесингер басқарды. Комиссияға Херольд Браун деген тағы бір бұрынғы қорғаныс министрі қатыстырылды. Азаптауға жол ашатын тікелей бұйрықтар не болмаса қандай да бір саясат жүргізілмеген, Бағдад маңындағы Абу Ғрайып түрмесінде жалпы берекесіздік болған, деді комиссия төрағасы Джеймс Шлесингер сейсенбі күні Вашингтонда баяндама жарияланғанда:

- Фотосүреттерде бейнеленген азаптаулар заңды тергеу жұмыстарынан шығып отырған жоқ. Барлау мәліметін іздеуде оларға себеп болған жоқ. Азаптаулар Абу Ғрайып түрмесінде түнгі күзет кезіндегі сақшылардың өз еркіндіктерінен шықты.

Мәселенің басын айта кететін болсам – Абу Ғрайып түрмесінде тұтқындар қорланады деген фотосүреттер көкек айында жарияланғанда жұртшылық жағдайдан қатты желкенді, шатақ тезарада халықаралық дәрежеге жетті. Бұл сүреттерде тырдай жалаңаш тұтқындар, бастарына томаға кигізілген тұтқындар бейнеленген, оларды американдық сақшылар ұрып соғады деген мәлімет қолма-қол қаптап кетті. Фотосүреттерде бейнеленген сақшылар тезарада әкімшілік жазасын алды, айыпты деген сақшылардың ісі қазір американдық әскери сотта қаралып жатыр.

Комиссия қарапайым сақшылардан әлде қайда жоғары деңгейлердеде шешілмеген мәселелер болды деп көрсетті. Ирақ жеріндегі түрмелерде тұтқындардан жауап алу тәртібін АҚШ-тың жоғары лауазымды ресми өкілдері нақты белгілемеген, деп айтылды мысалы үшін. Ирақ соғыс тұтқындары қамалған түрмелерді күзететін әскери жасақтың құрал жабдықтары нашар, шатақ пайда болған соң бұл мәселе жөнімен шешілу керек еді, дейді комиссия. Херольд Браунның пікірінше, қажет құрал жабдықпен қамту және тұтқындардан жауап алу тәртібін нақты белгілеуге Штаб басшыларының біріккен комитеті де, қорғаныс министрінің кеңсесі де жауапты. Ал комиссия мүшесі Тилли Фаулер Абу Ғрайып түрмесіндегі шатақты зерттегенде тіпті кім нені басқаратынын табу қиын болды дейді:

- Осыншама жексұрым азаптаулардың беті ашылып жатқан сәтте Абу Ғрайып түрмесінде қай басшы қандай шаруаға нақты жауапты екенін табудың өзі бейнет болды. Осы берекесіздік және жоғары қолбасшы тарапынан жетекшіліктің қамтылмағаны төменгі буындағыларға нашар үлгі көрсетті.

Қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдті орнынан алу керек деген ұсыныс жасамаймыз дейді комиссия нәтижесінде. Керісінше, комиссия шатақ шыққанда Дональд Рамсфельд жағдайды өз қолына алып, шара қолдана білді деп мақтау айтып отыр. Комиссия, сол сияқты, әскери және азаматтық мекемелерден айыпты деп табылып отырған ресми өкілдерді де жазалау қақында ешқандай ұсыныс кіргізген жоқ.

Жалпы, Абу Ғрайып түрмесінде шатақ шыққан соң АҚШ-тың басқада қамақтарында азаптау жүріп жатыр деген мәлімет күрт өсе түскен. Ирақ, Ауғанстан елдеріндегі американдық абақтыларда, Куба аралындағы Гуантанамо абақтысында отырғандарға қатысты 300-ге жұық шағым келім түсті. Тәуелсіз комиссияның пайымдауынша, 300 арыздың ішіндегі 66 арыздағы мәлімет айғақталып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG