Accessibility links

Журналист Асхат Шәріпжанов жол апатына ұшырамас бұрын соққыға жығылған деген болжам айтылып отыр


Журналист Асхат Шәріпжанов шілденің 20-сы күні таң сәріде көз жұмды. Тергеу орындары оның өліміне шілденің 16-нан 17-сіне қараған түнде болған жол апаты себеп болды деп мәлімдеген. Алайда, алғашқы тергеу қорытындысы бойынша күмән келтіретін тұстар бар дейді Шәріпжановтар отбасының құқығын қорғаушы Мұстахим Төлеев.

Мұстахим ТӨЛЕЕВ, қорғаушы:

- Мәселен, сот-медицина сараптамасының қорытындысына сәйкес оның денесінде жол апатында сәйкес ешқандай жарақат жоқ. Одан кейін басының сол жақ бетінде ауыр жарақ орын алған. Ол қандай жағдайда, қандай әрекетің нәтижесінде болғандығы анықталмаған. Сол сот сараптама қорытындысының бірінші және екінші тармағы оның үшінші тармағанына қайшы.

Сол себептен, ол Асхат Шәріпжановтың қазасын зерттеу бойынша құрылған қоғамдық комиссия сот-медицина сараптама қорытындысын заңды түрде күші жоқ деп есептеу туралы мәлімдеме жасады дейді заңгер.

- Бұл орайда алдын-ала тергеу орындары өз шешімдерін қабылдау керек.

Журналисті қағып кетті деген автокөліктің де ешқандай зақым көрмеуі жаңа сұрақтар туғызыпты:

- Қалжанов деген азматтың автомашинасының кузовында майысқан ешқандай белгілер де, қалай ұрылып-соғылғаны туралы деректер жоқ. Жүргізуші Қалжанов мырза Асхат Шәріпжановтың ауыр халде жатқанына қарамастан өз бетінше әрекеттенген. Мәселен, қалтасынан 1 мың теңге алып, сол жерде тұрған азаматтарға дәріханадан нашатыр спиртін әкеп беруін сұраған. Біраздан кейін әкелінген нашатыр спиртін бинтке құйып, есін жидырамыз деп оның бетін-аузын сүрткен. Сол кезде еріксіз нашатыр спирті оның аузына да құйылып кеткен сияқты.

Ал бұл медицина саласындағы лауазымды адамдардың Шәріпжанов машина қаққанда мас күйінде болды деп асығыс қорытынды жасауларына негіз болды. Ол жалған. Оның қандай оймен айтылғанына әлі күнге дейін таңым бар.

Сонымен бірге журналистің екі саясаткер Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбайұылмен жасаған сұқбаттары жазылған диктофон, бұл материалдар көшірілуі тиіс компьютердегі дыбыс файлы, жұмысының бір кілті ұшты күйлі жоғалып кеткентігіне де назар аударыпты қоғамдық комиссия. Бұл уәждерге қоса Асхат Шәріпжановтың ұялы телефондағы кіру және шығу телефон нөмірілерінің негізінен өшіріліп тасталуы, оның қазасынан кейін телефонды жөндейміз деп белгісіз адамдардың оның үйіне келгіштеуі, журналистің қазасына дейін оған телефон арқылы қоққан-лоққы көрсету жәйттарының болғаны және тағы басқа күмәнді тұстар жаңа сұрақтар тудырып, бұған дейін жасағн тергеу орындарының қорытындысынан өзге тұжырым жасауға итемелейді дейді заңгер:

- Асхат Шәріпжанов Әуезов және Абай көшелерінде жол апатына ұшырамас бұрын белгісіз қылмыскерлер оған шабуыл жасап, басына ауыр соққы жасап, зақым келтірілген. Ол сол ауыр халде шабуыл жасағандардан құтылу мақсатында жолға жүгіріп шыққанда, машинаның астына түскен. Сондай болжау бар.

Оның сөзіне қарағанда, қоғамдық комитет алғашқы тергеу қорытындысына қанағатбай, әрі қарай арыздануды көздеп отыр:

- Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қасақана ауыр жарақатталып, өлтірілген Асхат Шәріпжановқа байланысты тергеу жұмыстарын жүргізу туралы арызданбақ. Ян ГИРИН, Алматы қалалық ішкі істер басқарамасына баспасөз қызметінің бастығының орынбасары:

- Сіздермен жұмыс істеу үшін Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің арнайы рұқсаты керек, әйтпесе бізде бізде үлкен проблемалар пайда болады. Бізде арнайы нұсқаулар бар - деді.

Ал тергеушінің, күәгердің немесе процеске қатысты басқа бір тұлғаның ақпарат құралдарындағы сөзі тергеу нәтижесіне, егер сот боса, оның қорытындыса әсер етуі мүмкін дегенді айтты Алматы қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің басқарма бастығының орынбасары.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG