Accessibility links

Баспасөзге шолу. 08-25-2004


Алдағы сайлаудың өткізілуі турасында республикалық басылымдар қарама-қайшы баға беріп отыр. Мәселен, басылымдардың бірінде Қазақстан өкіметі әділ сайлау өткізуге мүдделі емес, оған электронды дауыс беру жүйесінің енгізілуі дәлел деген пікір айтылса, келесі бір газет мұны жоққа шығарып, керісінше билік алдағы сайлауды демократиялы жолмен өткізгісі келеді деген ой айтады.

Қазақстан олигархтары саясатқа белсенді түрде араласа бастады деп пайымдайды «Комсомольская правда Казахстан» басылымында Сергей Усатов. Оның айтуынша, бұл кейбір партиялардың нығаюы арқылы көрініс берген. Мақала авторының пікірінше, «олар партиялық құрылыс арқылы биліктегі құзырын кеңейту жайын ойлайды». Ал «демократиялық сарын – қай жағынан алып қарасақ та ең оңтайлы жол. Шынымен демократия идеяларына кім қарсы шығады?» - деп түйіндейді мақала авторы.

Ол «Қазақстандағы олигархтық топтар өз мүдделерін оппозициялық орта арқылы күйттеп отыр» деп, мысал ретінде «Ақ жол» партиясы мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясын тілге тиек етеді. Сергей Усатов Ресейде олигархтардың коммунистік және басқада солшыл радикалды партияларды қаржыландырғаны туралы деректің бар екенін айта отырып, Қазақстанның коммунистік партиясы мен Қазақстанның демокартиялық таңдауы халықтық партиясының сайлау блогының артында белгілі-бір нақты олигархтық топтардың көзге көрінбейтін қолы тұрған жоқ па?, - деген сауал тастайды.

Сонымен бірге қаржылық-өнеркәсіптік топтармен байланыстан кейбір билік партиялары да ада емес, - дейді мақала авторы. Мәселен, Азматтық партия Еуразиялық қаржылық-өнеркәсіптік топпен қатар еске түссе, Аграрлы партияны ірі жер иелушілердің партиясы деп атайды. «Ірі билік партиялардың арасында «Отан» партиясы мемлекеттік қызметкерлер мен бюджет қызметкерлерінің партиясы болып қалып отыр», - деген қорытындыға келіпті Сергей Усатов «Комсомольская правда Казахстан» газетіндегі «Партиялық құрылыс қанша фунт тұрады?» деген мақалада.



Алайда, Қазақстанның коммунистік партиясының хатшысы әрі Парламент депутаты Төлен Тоқтасынов «Азат» газетіне берген көлемді сұқбатында өз партиясының мүшелерінің байлыққа қызығатын, билікке ұмтылатын адамдар еместігін айтады. Оның сөзіне қарағанда, «сайлауды әділ өткізуге билік басындағылардың ынта-ықыласы жоқ. Егер халық қалаған қалаулары өтсін десе, барлық ел бас тартқан электронды дауыс беру жүйесін енгізбес еді ғой», - дейді парламент депутаты.



«Қазақстан өкіметі әділ сайлаулар өткізуге ынталы. Бірақ сайлау қарсаңында кейбір оппозициялық партиялар билік сайлау процесін бұрмалағысы келеді деп айыптауға тырысады, - дейді «Аргументы и факты Казахстан» басылымында Василий Михайлов. Оның пікірінше, ең қауіптісі оппозицияның ұпай жинау үшін популистік әдіс-тәсілдер пайдалана бастауы. Мысал ретінде коммунистердің мұнай өндірісін кемітіп, ауылшарушалық есебінен өмір сүру ұсынысын тілге тиек етеді. «Көптеген дамыған елдерде ауылшаруашылығына индустриалды өнеркәсіп есебінен мемлекет қолдау көрсетіп отырады», - дейді мақала авторы. Сонымен бірге «Ақ жол» партиясының Ұлттық қорда жинақталған қаржының жылдық пайдасын жаңа туған әр бір сәбидің есеп-шотына бөліп аудару туралы ұсынысын қоштамайды. Мақала авторының пікірінше, бұл адамдардың өмір сүру қабілетін төмендетіп, еңбекке ету туралы түсінігін бұрмалауы ықтимал. Оған қоса дағдарыс жағдайға деп жиналған қаржыны көзсіз ысырап етуге болмайды, - дейді мақала авторы.

Ал мемлекеттік «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Асып-тасу мен асып-сасу» деген мақалада «сайлау қарсаңында және осы күндері де партиялардың ұрандары жөнінде әдейі бұрамалау, келемеждеу көп болып тұрғаны» айтылады. Бұл орайда мақала авторы «Отан» мен «Асар» партияларының ұрандарының бұрмалауын тілге тиек етеді. Мәселен, «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Болат Әбілов «Отанның» «Атқарылған іс аз емес, бірге жалғастырамыз!» дегенін «Бүлдіргендерің аз емес, сендерсіз жалғастырамыз», - деп айтқан.

Сондай-ақ мақала авторын осы партияның келесі теңтөрағасы Ораз Жандосовтың жұрт кімді жақтайтынын көру үшін Алматы қаласының бір сайлау округіне Александр Павлов, Дариға Назарбаеваны, Иманғали Тасмағамбетов және Виктор Храпуновты сайлауға бірге түсуге шақыруы ойға қалдырыпты.
XS
SM
MD
LG