Accessibility links

Ресейдің екі бірдей ұшағының апаты кесірінен 90-дай адам қаза болған


Оның бірі 50 адам мінгізген ТУ-154 реактивті ұшағы Ростов аймағына қонар қарсаңда осындай келеңсіздікке душар болған. Ал, ТУ-134 болса ішіндегі 43 адамымен Тула аймағында құлаған екен. Екі оқиға себептері де ел басы Путиннің нұсқауымен арнайы Қауіпсіздік қызметі тарапынан зерттелуде. Бұл оқиға жөнінде Федералдық қауіпсіздік бюро өкілі Игнатенко:

“Бірнеше себептер қарастырылуда. Оның ең бастысы азаматтық әуе жолдары ережелерінің бұзылуы. Лаңкестік әрекет те болуы мүмкін себеп ретінде қарастырылуда. Алайда оны айғақтайтын дәлелдер қазіргі кезде жоқ болып тұр-, деді.

Бұл қос ұшақ та Мәскеудің бірдей әуе жайынан айналасы бір сағат ішінде бірінен соң бірі әуеге көтерілген екен.
XS
SM
MD
LG