Accessibility links

Тергеушілер сейсенбі күні кешке Ресейдің оңтүстігінде апатқа ұшыраған екі Туполев жолаушы ұшағының себептерін табуға әрекеттенуде


Мәскеудің бір ұшақжайынан жолға шыққан бұл екі ұшақ апатынан 89 адам қаза тапты. 1-ұшақ Ростов облысында апатқа кезіккеннен кейін артынша 2-ұшақ Тула маңайында құлап түскен. Қара қобдишаал табылып олар зерттелуде. Ресейдің Бас прокуроры Владимир Устиновтың айтуынша ол екі апатқа себеп болушы барлық факторлар қарастырылуда екен.

- Біз апатты барлық себептерін зерттеудеміз. Лаңкестік, техникалық және адамның өзінен болоған себептер де назардан тыс қалмайды, - деген бас прокурор.

Ол апаттарға байланысты президент Путин Сочидегі демалысын тоқтатып, Мәскеуге қайта оралды. Құрбандар отбасыларына көңіл айтты. Апаттың себептерін анықтау жұмысына АҚШ өз көмегін ұсынды.
XS
SM
MD
LG