Accessibility links

Жастар оқу бағасының қымбаттауына наразы


Қазақстанның білім және ғылым министрлігі дайындаған 2010 жылға дейінгі мемлекеттік білім беру бағдарламасының Үкіметте мақұлданғаны жайында бұған дейін хабарлаған-ды.

Бұл құжатта жоғары оқу орындарында оқу бағасын көтеру мәселесі әзірге қаралмаған, бірақ азаматтардың несиеге оқуы жайында үкімет тарапынан ұсыныс жасалып отыр.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Жанар Үсіпбекова тамыздың 26-сы күні «Азатық» радиосына берген жауабында мәлім етті. Оның айтуынша, әлі қоғамдық талқылау жүргізіледі, бұл жайында түбейгелі шешім қабылданбаған. Оқу бағасын көтергенде несилеу жүйесінің тетіктері қандай болады деген мәселені Үкімет басшысы білім және ғылым, қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктеріне тапсырды. Арнайы жұмыс тобы құрылады, дейді.

«Отаншыл жастар» одағының өкілі Жанбота Қарашолақов тамыздың 25-інде өткен Үкімет отырысында Білім және Ғылым министрі Жақсыбек Құлекеев оқу бағасын көтеруге байланысты ұсыныс айтқан жоқ. Сондықтан қарсылық білдіру жайында қыркүйектің бірінде шеру өткізбейтін болдық, бірақ министрдің отставкаға кетуін талап ете береміз, дейді.

Жанбота Қарашолақов тамыздың 28-інде аталған мәселе бойынша баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отырғандарын, онда өз позицияларын қайтадан нақтылайтындарын айтады.

«Отан» партиясының жастар қанатының Астана қаласы бойынша төрағасы Нұрбол Телегенов жоғары оқу орынындарында оқу бағасының қымбаттауын қолдамаймыз дейді.

Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысынң өкілі Бақыт Сыздықова да оқу бағасы қымбаттаған жағдайда көп жастар білім ала алмайды деген жекен пікірін білдірді.

Ресми деректер бойынша Қазақстанда 55 мемлекеттік 112 жекеменшік жоғары оқу орындары бар.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшыс Жанар Үсіпбекова мәселе мұғалімдердің жағдайын көтеру емес, қазақстандық білім сапасын көтеру, дейді. Оның айтуынша, Қазақстан аймақтарынан аталған мәселеге алаңдаушылық танытып, министрлікке телефон шалушылар көбейген.
XS
SM
MD
LG