Accessibility links

Ыстық көлде демалыс орнын салмақшы Қытайдың жобасына қырғыздар наразылық білдіруде


Қырғыз үкіметі туризм саласын дамытуға ең басты назар аудара бастады. Ол үшін алдымен аталған өндіріске шетелдік инвестиция тарту жоспарланған. Осы орайдағы бір жаңалық Қытай компаниясы Қырғыздың Ыстық көл жағалауында үлкен демалыс кешенінінің құрылысын бастау жобасын қолға алғалы отыр. Бірақ бұл жоспар Қырғыз саясаткерлері мен тұрғындардан және үкіметтік емес ұйымдар тарапынан қатты қарсылыққа тап болып отыр деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшілері.

Қырғызстанның үкіметтік емес ұйымдарының бір тобы бұл ретте Ыстық көл жобасының құпиялары көп болып тұр деген бірлескен мәлімдеме жариялап отыр.

Ал Қырғыздың билік басылары Қытай фирмасына 49 жылға 800 гектардай жер жалға беріледі дейді. Бірақ олар Қытайдың нақты қандай фирмасы екенін айтпай, атын атамай отыр.

Бішкектегі Ұйымдасқан қылмыс - коррупцияға қарсы азаматтық қоғам тобының жетекшісі Толекан Исмаилова бұндай шешім қабылдану барысында қоғымдық пікір ескерілген жоқ дегенді айтады: -Бұл өте бір қызып тұрған мәселе. Ыстық көл дегеніміз өте бір әдемі, әсем аймақ. Тұрғындар оның болашақ дамуы тұралы ойланады, шағын кәіптік инфрақұрылылмдарды қоса алғанда. Бірақ осыдан бір ай бұрын біздің ресмилер осында Қытайдың бір фирмасы үлкен демалыс орнын салатын болды деп жариялады. Ол неғылған, қандай компания? Біздің адамдар ол жөніндегі келісімнің құпиясы көп, жабық есік жағдайында жасалғанына алаңдаулы. Біздің үкіметтік емес ұйым үкімет адамдарының және осындағы Қытай елшілігінің бұл жайттарды бізге айқындап беруін талап етеді,-дейді Исмаилова ханым.

Жоспарланып отырған демалыс кешені Ыстық көлдің оңтүстік аймағында Жетіоғуз ауданында салынбақшы. Ыстық көл - Қырғызстанның ең белгілі, тек Орта азия елдерінен ғана емес, алыс шетелдерден де демалушылар көп келетін демалыс орны екені аян. Алайда Жетіоғуз аймағы бұрыннан игерілмей жатқан аудан. Совет Одағы кезінде Ыстық көлдің негізінен солтүстік жағалауы қатты дамып, барылқ санаторийлер мен курорттар осында салынған болатын.

Ыстық көл облысының губернаторы Токон Шайлиева Азаттық радиосының Қырғыз редакциясына берен сұхбатында бұл сөз болып отырған Қытай жобасы аймақтың экономикасын дамытуға ықпал ететін болады дегені айтқан.

Токон Шайлиева Қытай жобасы арқылы 200 миллион доллар қаржы тартылып, бір мыңдай жаңа жұмыс орны пайда болады дегенді айтып отыр.

Бірақ жергілікті тұрғындар бұл жобаға соншалықты үлкен үміт артпайды.

Олар Қытайдың демалыс орнын тұрғыбақшы жобасы Ыстық көл сияқты ерекше аймақтың табиғатына, оның аң- құстарына қалай әсер етеді деп үрейленеді. Оның да жөні жоқ емес. Өйткені көп тұрғындар 1998 жылы жүк машинасынан Ыстық көлге екі тоннадай цианит төгіліп кеткен келеңсіз оқиғаны естен шығара қойған жоқ. Сол кезде төрт адам цианиттен уланып өлді деп те хабарланған еді. Соның салдарынан Қырғыз еліне көп табыс әкеліп тұрған демалыс аймағы- Ыстық көлдің мәртебесі біршама төмендеп қалған да болатын. Дегенмен де бұл жолы қырғыздардың наразылығын тудырып отырған негізінен Қытай компаниясының Орта Азия республикасында соншалықты ұзақ мерзімге жерді жалға алмақшы мақсаты болса керек.

ББС радиостанциясының Бішкектегі тілшісі Сұлтан Жұмағұлов былай дейді:

-Жергілікті тұрғындар аудан жерінің 49 жылдық келісіммен жалға берілуі өте ұзақ мерзім, бірнеше ұрпаққа жалғасады. Қытайлар болса әдетте барған жерлерінде тіпті ұзақ уақытқа тұрақтап қалады деп, олар содан қорқады,- дейді Жұмағұлов.

Ал Ыстық көл облысындағы Тамға деп аталатын ауылдың тұрғыны Индира Қазиева жергілікті адамдардың қытайлардың мұнда келуіне білдіріп отырған бұл бірінші наразылығы емес дегенді айтады.

Қызрғыз парламентінің мүшесі "Асаба" ұлттық қайта өркендеу партиясының жетекшісі Әзімбек Бекназаров үкімет жекешелендіру жөніндегі өзінің саясатын қайта қарауы тиіс деп атап көрсетеді.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG