Accessibility links

Иранға Ирақ үкіметінін жетекшісі келеді, деп күтіліп отыр


Сенбі күні Иранға Ирақ үкіметі жетекшісінің орынбасары Бахрам Салех келеді. Бахрам Салехтың бұл сапары Ирақ үкіметінің жетекшісі Ияд Аллауидың Тегеранға жасайтын сапары алдында жасалып отырған алдын ала дайындық сапар. Аллауи Тегеранға келгенде Иран Ирақтың ішкі істеріне араласады, деген айбын талқыланады, деп күтіліп отыр. Сонымен қатар кездесуде Ирақта жоғалып кеткен Иран дипломаты мен ИРНА ақпарат агенттігінің 3 қызметкерінің тағдыры талқыланады, деп жоспарланып отыр. Дипломат жақын күндері ұсталған, ал ақпарат агенттігінің 3 қызметкерін ирақ полициясы ұстаған.
XS
SM
MD
LG