Тайландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясында болған жарылыс барыснда бір адам қаза тапты, кемдегенде 25 адам жаралы. Алыстан бақыланатын жүйесі бар жарылғыш зат көп адам жүретін жердегі мотоциклға жапсырылып қойған. Жарылыс премьер-министр Таксина Шинаватрдың бұл аймаққа келуіне бір күн қалғанда орын алып отыр. Үкімет өкілдері лаңкестік оқиғаға жауапкершілікті ислам жауынгерлеріне жүктеп отыр.