Үш аптаға созылған жанжалды тоқтату келісімі кеше Ирақ шиитерінің рухани көсемі аятолла Әли Әл-Систанидың арқасында қабылданған болатын. Мәліметтерге қарағанда, кейбір көтерілісшілер қаруларын тапсырып, әскери киімдерін ауыстырып, үндеуге көніп жатыр. Бірақ кейбір көтерілісшілер қаруын тастаған жоқ. Ондаған мың ирақ азаматы Имам Әли мешітінің маңында жиналып, қасиет тұтатын Имам Әлиге тағзым айтып, бұл жерде үнемі бейбітшілік болсын деді. Ирақ шиитерінің рухани көсемі аятолла Әли Әл-Систани кеше ұсынған жоспар бойынша, Әл-Садрдың әскері Имам Әли мешітінен шығып кетуге тиіс, ал АҚШ әскері Наджаф қаласынан шығу керек, қауіпсіздікті қамту Ирақ полициясына тапсырылуға тиіс. Ирақ үкіметі бұл жоспарды қабылдап, Моқтада Әл-Садрды қамауға алмаймыз деді
Радикалды шиитердің басшысы Моқтада Әл-Садр жауынгерлеріне қару тастап, Наджаф қаласынан шығуды бұйырды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"