Ол үшін елдегі проблемаларды кезең-кезеңмен шешуді қарастыратын әлеуметтік бағдарлама жасау қажет.
Қазақстан аймақтарын аралап қайтқан «Асар» партиясының парламенттік фракциясы осындай тұжырымға келіпті.
Фракация жетекшісі, Парламент Сенатының депутаты Рашит Ахметов әлеуметтік қамсыздандыру саласына ішкі жалпы өнімінің 15 пайызын жұмсау керек деп есептейді. Мұны депутат Қазақстан экономикасының дамуымен байланыстырады.
«Асар» партиясы парламенттік фркациясы жоғары оқуға бағаның өсуіне қарсы және тұрғын үй саясатында бюджеттік мекеме қызметкерлері және жастарға қолдау жасаудың тетіктерін заңмен қарауды ұсынбақ.
Тамыздың 31- күні парламентте өткен отырыста фракция мүшелері осылай десті.
Парламентік фракцияның жетекшісі Рашит Ахметов, алдағы Мәжіліс сайлауынан соң парламенттігі «Асар» партиясы фракциясының қатары көбейіп, мейлінше тиімді қызмет етуге мүмкіндік беретін көптеген заңдарды қабылдауға қатысамыз деген сенімде.
Фракция болашақ 2005 жылдың бюджетінде тұрғын үй бағдарламасына жұмсалатын қаржының тиімді жұмсалуын мәселе етіп көтермекпіз деседі. «Асар» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Рашит Ахметовтың айтуынша, жуықта парламент қаруына түсетін келер жылдың бюджет жобасында аталған мәселеге қомақты қаржы бөлінген.
Фракция мүшесі, Сенат депутаты Фарид Ғалимовтің айтуынша, Ресейде халықтың 10 пайызы ғана ипотекалық несие алады, ал, қалғанының экономикалық мүмкіндігі жоқ. Бізде де жағдай солай болуы мүмкін. Біздің Ресейден айтарлықтай айырмашылығыз жоқ. Қазір көптеген бюджеттік мекеме қызметкерлері пәтер жалдап тұрады. Олардың атаулы әлеуметтік көмекке құқығы болса. Жалдап тұратын пәтердің 30 пайыз қаржысын өз қалтасынан, қалғанын мемлекет төлесе деген ойды айтты.
Ғалимов некеге отырғандардың 50 пайызы ажырасып жатады. Олардың 25- пайызы тұрмыстық жағдайдың жоқтығынан, дейді.
Ал, фракция мүшесі Светлана Жалмағамбетова білім және ғылым министрінің оқу бағасын көтеру ұсынысын басты мәселе етіп көтеруді ұсынды. Оның пікірінше, грант-кредитті барлық оқу бітіргендердің оннан бірі алады. Ал, жұртшылық бір баланы 100 мың төлеп әзер оқытып отыр, қалғандарын қайтпек, дейді.
Қазақстанда әлеуметтік проблемелар қаншалықты шешімін тауып жатыр. Жұртшылық өкілдерінің пікірін білгенімізде, олардың бірі бағаның қымбаттауы кедейшілікті күшейтіп жатыр десе енді бірі баспана мәселесінің өткір болып тұрғанын және елдегі әлеуметтік бағдарламалардың 30 пайызы ғана орындалады дегенді айтты.
Ал, «Асар» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Рашит Ахметов әлеуметтік мәселелердің шешімі бюджетке байланысты және оның дұрыс орындалуын талап етпекпіз деп отыр.
Аталған фракция елде әлеуметтік проблемаларды кезең-кезеңмен шешуді қарастыратын бағдарлама жоқ дегенді айтуда.