Accessibility links

Әбділдин-Жақиянов блогі сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырды


Тамыздың 31 і күні Алматыда Қазақстан коммунистері мен Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық одағының жетекшілері осы одақтың сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырды. Осы оппозициялық одақ яғни Әбділдин-Жақиянов блогінің үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Серікболсын Әбділдиннің айтуынша бұл бағдарламаның басқа саяси партиялар тарапынан ұсынылған бағдарламалардан бірқатар өзгешелігі бар. Ең бастысы ол елдің экономикалық дамуына қатысты болып отыр.

Елдегі саяси партиялардың барлығы да экономиканы дамыту мәселесін көтеріп жүр, бірақта олар айтып жүрген экономикасы ол олигархтар экономикасы болмақ. Ал біз айтып жүрген экономика ол ішкі нарыққа негізделген экономика, ол әлемде бағасы аумалы төкпелі болып тұратын мұнайға негізделген экономика емес дейді Серікболсын Әбділдіин. Алайда мұнайдан түскен қыруар қаржыны халық мұқтаждықтарын өтеуге арнайтын кез келді дейді ол. Ал Қазақстанның демократиялық таңдауы халықтық партиясының саяси кеңесінің мүшесі сенатор Зәуреш Батталова болса Қазақстанның бүгінгі өмірі әлеуметтік саланы реформалау ісін бастауды қажет етіп отыр. Бірақта бұны бастамас бұрын елде саяси реформаны бастау керек дейді.

Ал Әбділдин-Жақиянов блогінің тең төрағасы Асылбек Қожахметов болса бұл бағдарламаны жасау ісінде көптеген қиыншылықтардың болғандығын айтады. Оның айтуынша Қазақстан экономикасы туралы шындық жағдай айтылмай отыр, осы салаға қатысты қандайбір нақты дерек мәлімет алу қиынның қиыны көрінеді.

Осы орайда экономика ғылымдарының докторы Нұрсейіт Айтқалидің пікірін сұрағанымызда ол саяси партиялардың ел жағдайын ойлап оның экононмикасын қалай көтеру жөнінде өз ой пікірлерін білдіріп жатқаны дұрыс ақ, бірақта бұл пікірлер іске асса жақсы болар еді деді.
XS
SM
MD
LG