Милошевич өзіне қарсы тағылған айтыптарды тарихты бұрмалау және жабылған жала деп айтқан:
-Маған тағылған айыптардың барлығы да шылғи өтірік, адамшылыққа жатпайды жане тарихты анайы бұрмалау, заңға нұқсан келтіру. Бәрін де керісінше келтіріп, сол қайғылы жайттарға шындығында кінәлі адамдарды жауапкершіліктен қорғап қалу,-деп атап көрсеткен Милошевич.
Милошевич 1990 жылдарда Хорватия мен Босния, Кососвода болған қақтығыстарға байланысты адамзатқа қарсы соғыс қылмыстарын жасады деп айыпталып отыр.
200 мың адамды қырғынға ұшыратқан Босния соғысында оған геноцидке қатысы бар деп айып тағылған. Айыптардың барлығы да дәлелденетін болса, Милошевич өмірлік түрмеге жабылуы мүмкін. Айыпталушының денсаулығына байланысты қорғау процесін бастау бірнеше рет кейінге қалдырылып келген болатын, бүгін оған қорғануға төрт сағат уақыт берілді.
Бүгін бұрынғы Югославия президенті Слобадан Милошевич Гаағадағы соғыс трибуналында өзін қорғауды бастады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі