Жиналыс Нью-Йорктегі зәулім қос сауда үйіне жасалған 2001 жылғы 11 қыркүйек шабуылы күндеріне аз қалған уақытта өткізілді.
Жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Рудольф Джулиани Дж. Буштың террорға қарсы күресін Британның премер-министрі болған Уинстон Черчиллдің фашистік Германияға қарсы ашқан соғысы мен АҚШ президенті Рональд Рейганның өз кезінде Совет Одағына қарсы жүргізген күресімен бірдей деп салыстырып айтқан.
-Президент Буш әлемдік террорды зұлымдық көзі деп біледі. (қол шапалақтау)
Жиналыс делегаттары сондай-ақ өткен жылы Ираққа басып кіру жөніндегі Буштың шешімі дұрыс болды деген қолдау танытқан.
Ирақ эммигранты, американдық Ислам конференциясынан Зайнаб әл-Саввайж Ирақта қазір проблемалар болып тұрғанымен де, елде соғыстан бұрынғыдан жақсы жағдай орнады деп атап көрсеткен.
Нью-Йорк қаласында Американың республикандық партиясы ұлттық мәжілісін шақырып, онда президент Дж.Буштың террорға қарсы күрестегі жетекшілігін дәріптеген
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?