Сессияның ашылуында сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы бес жылда елде көп оң өзгерістердің болғанын айтты. Екінші сайланымдағы парламентпен 597 заң қабылданған. Соңғы бес жылда экономиканың орташа өсімі 10 пайызды құраған.
Президент 2005 жылдың бірінші қаңтарынан бірінші топтағы мүгедектерге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы үш айлық есептік көрсеткішке, екінші топтағы мүдегектерге 2,5, үшінші топтағы мүгедектерге 2, ал, 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 айлық есептік көрсеткішке өсетінін мәлімдеді. 2005 жылы екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуының 60 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне бір мезгілдік 30 мың теңге материалдық көмек беру және соғысқа қатысқан мүгедектерге келер жылы арнайы мемлекеттік жәрдемақыны ұлғайту көзделіп отырғанын баян етті. Ал, алдағы сайлауға қатысты мәселеде Президент заңдық база сапалы жаңартылды. Бұл сайлаудың демократиялық, әділ, жариялы өтуіне алғышарт болатынына сенімдімін деді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде бірінші рет электрондық дауыс беру жүйесі қолданылатынын мәлімдеді. Дауыс берудің жаңа жүйесін енгізу сайлау барысындағы әртүрлі келеңсіздіктерді жоюға мүмкіндік беретін ең тиімді әдістердің бірі болатынына сенімдімін, дейді.
Мамандар бірнеше жылдан соң әлемнің көптеген елінде дауыс берудің әдеттігі түрі түбегейлі өзгерістерге ұшырайды деп есептейді.. Алайда , сайлау бағдарламасына бөгде адамдар араласып сайлау нәтижесіне әсер етуі мүмкін деген қауіп айтушылар да бар. Мамандар алдағы сайлауда қолданылатын электрондық бағдарламаны ашу мүмкіндігін жоққа шығарады. Сайлау күні ақпарат берік қорғалатын болады. Қандайма болмасын араласуға қол жетімсіз деді Назарбаев. Алайда, Президент қоғамда осы мәселеге орай айтылып жүрген әңгімелерді ескеріп, электрондық жүйені қолданып сайлау өткізуді техникалық жағынан мейлінше дайындығы бар республикалық, облыстық аудандық маңыздағы әкімшілік аумақтардың жалпы санының 10 пайыздан көп емес көлеміндегі аймақтарда өткізуге болады деп есептейтінін айтады.
Электрондық дауыс беру жүйесін қолдануға байланысты депутаттар пікірін білгенімізде олардың көзқарастары әр түрлі болып шықты. Ал, қазіргі Мәжіліс депутаты Амалбек Тшан өзі үміткер болып түсіп жатқан округте электрондық сайлауға дайындықтың жоқтығын айтты. Депутат өз сайлаушыларының мыңнан астамында штрих код жоқ дейді.
Ал, оның мәнісін Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Бәлиевадан сұрағынымызда ол штрих кодтар жапсыру жұмысы қыркүйектің 18-іне дейін жүргізіледі, деді.