Кеше жүздеген шеруші Катмандудағы мешітті қоршап алып, басқа да ғимараттардың есік-терзелерін қиратты.
İшкі істер министрлігі ел астанасындағы қоғамдық тәртіпті қалыпты ұстау үшін Катмандудың кейбір бөліктерінде белгісіз мерзімге коменданттық сағат белгіленді деп мемлекеттік радиодан хабарлаған.
Өздерін Ансар әл-суннаның ислам армиясы деп атаған жуынгерлік топ Ирақтағы Непалдың 12 жұмысшысын ұстап алып жазаладық деп вебсайтта мәлімдеген болатын.