Accessibility links

Американдық құқыққорғаушы Лоурн Крейнер Орталық Азия елдеріндегі қарамақайшы құбылыстарға назар аудартып отыр


АҚШ сыртқы істер министрлігінде адам құқықтарымен айналысқан ресми тұлға Лоурн Крейнер терроризмге қарсы соғыста АҚШ-тың жаңа одақтастары болып табылған елдердегі реформалар мәселесімен көп шұғылданды. АҚШ сыртқы істер министрлігі Өзбекстанға көрсетілетін экономикалық көмекті азайтқызды, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары комиссиясының баяндамасында Түркіменстанға қатысты сыни пікірді ұлғайтуға қол тигізді. Демек, ортаазиялық елдермен болып жатқан қатынаста президент Джордж Буштың әкімшілігі адам құқықтарының құндылығын мызғымас басты талап ретінде қояды, бұдан өзгеше түсінік қате, дейді Лоурн Крейнер.

Content:

Лоурн Крейнер АҚШ сыртқы істер министрінің демократия, адам құқықтары және еңбек мәселелері бойынша көмекшісі болған. АҚШ мемлекеттік қызмет жүйесінде бұл үлкен лауазым. Осыдан біршама уақыт бұрын, осы жазда Лоурн Крейнер АҚШ қамқорлығындағы Халықаралық Республикандық институт деген ұйымның бастығы болып ауысты. Бұл ұйым өтпелі кезең үстіндегі елдердің демократиялық дамуына атсалысады, оның қызметі АҚШ Ұлттық Демократиялық институт ұйымының қызметіне ұқсас. АҚШ қамқорлығындағы Ұлттық Демократиялық институт өзін Демократиялық партияның серіктесі деп тауып отыр. Ал тілшіміз Роберт Макмахон Лоурн Крейнермен Нью-Йоркта Республикандық партияның жиынында сөйлесті.

Лоурн Крейнер "Азаттық" радиосына берген сұхбатында Джордж Буш әкімшілігі Орталық Азия мемлекеттерін тек терроризмге қарсы соғыс барысындағы жаңа одақтастарымыз деп білмейді, демократиялық өзгерістерді талап етіп келеді дегенді алға тартты. 11 қыркүйек шабуылдарынан соң Америка Құрама Штаттары терроризмге қарсы соғыс ашқанда, американдық біраз әскер Орталық Азияда орналастырылды. Ортаазиялық елдердің үкіметтері де терроризмге қарсы соғыста Вашингтонға атсалысамыз деп айтты. Лоурн Крейнер Қырғызстандағы сөз бостандығына қатысты кейбір алғабасуларды тілге тиек етіп, Өзбекстанда адам құқықтарын қорғайтын ұйымдардың мемлекеттік тіркеуден өткізілгендердін тілге тиек етіп, Орталық Азияда біраз жылжу бар дейді:

- 11 қыркүйектен бері үш жыл өткен уақытта біз көреміз деп үміттеген жағдайға бұл сай емес, дегенмен. Бірақ олар тұтас аймақ шеңберінде орын алып отыр. Түркіменстандағы жағдайды есептемегенде негізгі бостандықтар өлшемінде жағдай жақсара түсті деп ауыз толтырып айта аласыз деп білемін.

Дегенмен, Лоурн Крейнер Өзбекстандағы жағдайға алаңдаушылық танытып отыр. АҚШ сыртқы істер министрлігі тамыз айында Өзбекстан үкіметін сынап, Өзбекстан 2002 жылы екі тараптан қол қойылған Әріптестік келісімін бұзды деп тапты. Мұның салдарынан Өзбекстанға беріледі деген 18 миллион доллар экономикалық көмек тоқтатылды. Өзбекстанда желтоқсан айында парламент жаңадан сайланбақ. Лоурн Крейнер науқанның тазалығына күмән келтіріп отыр, бұған оппозициялық партиялардың басына төрген қауіптің сейілмегені түрткі деп аталды:

- Өзбекстандағы сайлау үлкен мәселе туғызайын деп отыр. Сайлау науқаны барысында сіз балама өлшемді де білетін боламын деп күтесіз әдетте. Өзбекстанда қандай да бір оппозициялық партия тіркелуге мүмкіншілік алатыны анық емес. Оппозициялық партияларға жол ашу – нақты сайлаудың негізгі шарты болып табылады.

Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдері үкіметтерінен адам құқықтарының сақталуын талап етіп отыр. Ал бірақ ресми Вашингтонның атына да адам құқықтары жайында биыл қатты сын айтылды. Халықаралық Республикандық институттың бастығы Лоурн Крейнер "Азаттық" радиосына берген сұхбатында бұл мәселе бойынша да пікірін айтты. Ирақтағы Абу-Ғрайып түрмесінде американдық сақшылар ирақтық тұтқындарды азаптайды деген шатақ Америка Құрама Штаттарының келбетіне көктемде үлкен нұқсан келтірді. "Иә, бұл АҚШ-тың адам құқықтарын насихаттаудағы қызметіне үлкен бөгет жасар еді, дегенмен шетелдегі құлаққағысқа американдық қоғамдағы наразылықтар жөнімен әсер етті", -дейді Лоурн Крейнер. Атап айтқанда, американдық баспасөз шатақты мұқият зерттерді, АҚШ конгресі қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдті сұрақ астына алды, арнайы комиссия мәселені жан-жақты тексерді.

"Абу-Ғрайптағы шатаққа бола ресми Вашингтон адам құқықтарының сақталуын талап етуін тоқтапайды. Судан сияқты кейбір елдер Абу-Ғрайып шатағын бетімізге баспақ болды, бірақ Суданның Дарфур өлкесіндегі босқын халықты қорғауымызды бұған бола тоқтатпаймыз. Оның үстіне репрессиялық үкіметтердің билеуіндегі елдердің құқыққорғаушылары Абу-Ғрайып шатағына бола Вашингтонмен әріптестігін тоқтатқан жоқ, олардың Америка Құрама Штаттарынан көмек сұрап жүрген жайы бар", - дейді Лоурн Крейнер.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG