Аймақтық ішкі істер министрлігінің өкілі Руслан Аямов кепілдіктегі кейбір оқушылар босатылды деген ақпаратты жоққа шығарады.
Солтүстік Осетияның ішкі істер министрі Казбек Дзантиев мектепті басып алғандар қауіпсіздік күштері өлтірген әрбір өз адамы үшін 50 оқушыны өлтіреміз деп дөң айбат шегуде деп айтқан.
Ресейдегі бүгінгі дағдарыс сейсенбі күні Мәскеудегі 10 адамды өлтіріп, 50 адамды жаралаған метро жанындағы жарылыстан соңғы және өткен аптада әуе апатына ұшыраған екі жолаушы ұшағының 90-ға тарта адамы опат болғаннан кейінгі орын алып отырған төтенше жайт