Accessibility links

АҚШ Республикандық партиясы президент сайлауында дауыс беруге жастарды көбірек ынталандырып жатыр


Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ Республикандық партиясының жиынында жас белсенділердің көптеп қатысып отырғаны байқалады. Бұған президенттік сайлауда дауыс беруге жастарды көбірек тарту мақсатын алдына қойған Джордж Буштың жақтастарының әрекеті себеп. Социологиялық зерттеулер АҚШ президенті Джордж Буштың жастардың арасындағы беделі негізгі қарсыласы, Демократиялық партияның өкілі Джонн Керридің беделінен төмен екенін көрсетті. Жас белсенділерді Республикандық партия, яғни президент Джордж Буштың партиясы немен қызықтырады екен?

"Пью орталығы" деп аталатын социологиялық компания жариялаған баяндамаға қарағанда, қазіргі президент Джордж Бушқа алдағы сайлауда бәсекеге түсіп отырған сенатор Джонн Керриді жасы 30-ға жетпеген жастар көп қолдайды. Джонн Керри Джордж Бушқа қарағанда 18 пайыз алда. Жастарды көбірек тарту мақсатында Республикандық партия Нью-Йорктегі төрткүндік жиналысының барысында, сәрсенбіде Жастар жиынын қарастырды, оған 2500 жас азамат тартылып жатыр. Республикандық партия жиналысының делегаттарымен, Буш әкімшілігінің мүшелерімен бетпе-бет жүздесуге мүмкіншілік алған жастардың арасында 24-жасар Дэйзи Шейн сияқты әнші, жастар радиосының танымал жүргізушісі Бен Фергьюсон, спорт жұлдыздары, Джордж Буштың 22-жасар егіз қыздары Барбара және Дженна бар.

"Азаттық" радиосының тілшісі Никола Крастев осы жастарға қайырылып, Республикандық партия сіздерді немен қызықтырады деп әңгімеге тартты. Минессота штатынан келген 25-жасар Ерик Хоплин - Республикандық ұлттық колледж комитеті деп аталатын ұйымның төрағасы. Ұйымда 120 мың мүше бар, ұйымды бұрын басқарған Карл Роув қазір президент Буштың саяси стратегтерінің басшысы. Ерик Хоплин 11 қыркүйек оқиғалары жас толқынға үлкен қозғау салды дейді:

- Біздің жас бұын терроризмге қарсы ғаламдық соғыстың алдыңғы шебіндегі қарулы жасақтарға үлкен демеу беріп жатқанын көріп отырсыздар. Америка университеттерінде оқып жатқан арамыздағы жастар әскерді қолдағандардың жағында табылды, Америкаға көмектесіп жатыр. Бұл мүлдем өзгеше сезім. Біз жалпы өте белсендіміз. Біз өте құаттымыз. Біз саяси құбылысқа белсене араласып отырмыз. Біз үлкен патриотық сезімдеміз, Джордж Бушты жанымызбен қолдап отырмыз.

Республиканшыл жастардың арасында Флорида республикандықтарының колледжі деп аталатын ұйымның төрайымы, 21-жасар Шери Валерей деген қыз бар. Шери саясатқа өте қызығамын, болашақта үкімет құрамында жұмыс істегім келеді дейді. Республикандық партияның ұстанымдары мақсат-мұраттарыммен үндес, дейді 21-жасар Шери Валерей:

- Бұл дәл мен сеніп отырған дүние. Мен республикандықтардың қатарында алғаш рет 2000-шы жылғы президенттік сайлау кезінде табылдым. Мен ешбір партиямен серік боламын деп ойлаған емеспін. Маған алдымен Джордж Буш ұнады. Ол өзі – республикандық. Оның тұлғасы осы партияның шаруаларын білуге түрткі болды, солайша олардың ұстанған ойлары маған тартымды көрінді. Бұл менім өз басым сенетін дүниелермен өте үндес. Сондықтан мен өзімді республикандық деп таптым.

"Пью орталығы" өткізген басқа зерттеуге қарағанда, осыдан төрт жыл бұрын болған алдағы сайлаумен салыстырғанда осы қарашада жастар көбірек дауыс беріп, көбірек ынта танытпақ. 18-29 жас арасындағы тіркелген сайлаушылардың 53 пайызы сайлау жөнінде көп ойланамыз деді. 2000 жылы мұндай жастардың қатары 45 пайыз болды.
XS
SM
MD
LG