Accessibility links

БҰҰ-ы соңғы алты жыл бойғы құрғақшылық салдарларын жою үшін Ауғанстанға 71,3 миллион доллар қаражат керек деп мәлімдеді


Ауғанстан мен БҰҰ-ң бірлесіп жариялаған баспасөз-хабарламасында ауған тұрғындарының 37 проценті су тапшылығынан қарындары тойып тамақтанбайды деп атап көрсетілген. Сондай-ақ өткен жылы елдің оңтүстігі мен шығысында астық бағасы екі есе көтеріліп кеткендігі айтылған. БҰҰ-ң өкілі шамамен азық-түлік және ауыз су іздеген 3-4 мыңдай адам осы жақын күндердің өзінде Ауғанстанның оңтүстігінен басқа аймақтарға босып кетті дейді
XS
SM
MD
LG