Accessibility links

Израилдың ресмилері осы аптаның басында екі автобуста жасалған жарылыстарға қатысы бар деп Сирияны айыптауда


Израилдың сыртқы істер министрі Силван Шалом әскери радиодан сөйлеген сөзінде Сирия террорлық ұйымдарға баспана беріп отыр деп айтқан. Сирияның мұндай арекеттерге барып отырғанына нақты көз жеткізетін болса , Израил да бір қимылдарға барады деген ол. Сейсенбі күні кешкісін Бершеба қаласында автобустарда жанкештілер жарған бомбадан 16 адам опат болған еді. Кейбір жетекшілері Сирияда тұратын жауынгерлік Хамас тобы жанкештілік шабуылдар жауапкершілігін өздеріне алған болатын. Израил әскерлері Газа секторының оңтүстігіндегі Юнус хан босқындар лагерінде үйлерді қиратып, 40-тай палестиндік отбасын баспанасыз қалдырды.
XS
SM
MD
LG