Дәрігер Сейфиддин Таха тағы да 6 адам жарақаттанды деген.
АҚШ әскерилері құрбан болғандар жөнінде дерек айтпаған, бірақ әуе шабуылы американдық ресмилер әл-Қаида террорлық жүйесімен байланысы бар деп есептейтін, Абу Мусаб әл-Зарқауидің адамдары баспаналады дейтін екі үйдің ғимаратын көздеп жасалғандығын айтқан.
Американдықтардың мәлімдеуінше, сәрсенбі күні ертерек Фаллужаның оңтүстігінде Зарқауидің адамдары көзге түскен.
Ирақ дәрігерінің айтуынша, Фаллужа қаласында сәрсенбі күні кешке қарай болған әуе шабуылынан 17 адам қаза болған
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV