Сайлау комиссияларының жұмыстары мен үміткерлерді тіркеуге бағытталған ұзақ мерзімді бақылау сайлау заңының түрлі заң бұзуға мүмкіндік беретін жерлері бар екенін көрсетіп отыр, – дейді Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің өкілдері.
Олардың пікірінше, аймақтық сайлау комиссияларының дайындығы өте төмен. Олардың көбі үміткерлерден кіріс декларациясын талап еткен. Ал бұл сайлау заңының бұзылуы болып табылады дейді, – Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің өкілі Әйгерім Дүйсенова. Әйгерім Дүйсенова Мәжіліс депутаттарының сайлауына ұзақ мерзімді бақылау барысында негізгі мынадай кемшіліктердің көп көрініс тапқанын айтады:
1. Сайлау комиссиялары жұмысының анық жазылған механизмі мен регламентінің болмауы;
2. Сайлау комиссиялары жұмысына атқарушы биліктің қатысуы;
3. Сайлау алдындағы үгіт-насихатқа бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін заңдық механизмдердің болмауы;
4. Сайлау туралы заңдағы келеңсіздіктерден туған заң бұзушылық.
Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесінің Астанадағы өкілінің бірі Динара Самурзинаның айтуынша, атқарушы биліктің сайлау науқанына араласуы әлі шектелмей отыр. Әкімшілік тарапынан «Отан» мен «Асар» партиясына қолдау көрсету анық байқалады дейді. «Кейбір сайлау комиссиялары әлі күнге дейін атқарушы биліктің қарамағындағы ғимараттарда жұмыс істеуде. Осының салдарынан бақылаушының құқығы бұзылуда – арнайы рұқсат қағазы болмағандықтан оларды әкімшілік ғимаратына кіргізбей қоюда», – дейді Динара Самурзина.
Ал қазақстандық сарапшылардың бірі Әзімбай Ғали болса, бұл жолғы сайлау барысы демократияға үлкен қадам басқанымызды анық көрсетіп отыр деген пікірде.
Ал Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Уалихан Қайсар, сайлау барысындағы үгіт-насихат жұмысында заң бұзушылық әрекеттер орын алып отыр. Оны көз алдымыдағы телеарналардың өзі көрсетіп отыр дейді, – сенатор Уалихан Қайсар.
Сарапшы Әзімбай Ғали сайлау кезінде бір ғана күдік туғызып отырған жағдай бар, Ол егер электронды дауыс беру жүйесі жүзеге асса ғана дейді. Ал Орталық сайлау комиссиясының өкілдері болса, сайлау барысында заң бұзушылықтар орын алып отыр дегенмен келіспейді.