Accessibility links

«Хьюман Райтс Уотч» ұйымы Қазақстандағы адам құқығына байланысты өзінің баяндамасын жариялады


Адам құқығы жөніндегі халықаралық «Хьюман Райтс» ұйымы өзінің интернет сайты арқылы таратып отырған бұл баяндамасын Қазақстан рыногына қызығушылықпен дендеп кіріп бара жатқан Еуропадағы қайта құру және даму банкінің назарына ұсынатындығын айтқан. Баяндамада айтылғанындай, биылғы жылдың ақпан айында АҚШ тың мемелекеттік департаменті Қазақстан үкіметінің адам құқығы саласындағы жұмысын нашар деп бағалап, бұл салада үкіметтіғ бірқатар кемшіліктерге жол бергендігін атаған болатын.

Онда Қазақстан үкіметі азаматтардың құқықтарына шектеу жасап отырғандығы, елдегі демократиялық институтаррдың әлі жақсы дамымай, кенже қалып отырғандығы айтылған. Сондай ақ Қазақстан қоғамында өз ойын еркін білдіруге шектеулердің бар екендігі, өзінің ашығ, еркін демократиялық көзқарастарын білдіруші саяси партиялардың тіркеуден өтпей жатқандығы да айтылған еді. Хьюман Райтс ұйымының айтуынша АҚШ мемелекеттік департаменті сынға алған осы ескертулерден соң Қазақстан үкіметі елдегі саяси жағдайдың түзелуіне әсер ете аларлықтай бірқатар оңды қадамдар жасаған.

Ең бастысы ол елде оппозициялық партияның тіркеуден өткендігі болды. Алайда Қазақстан үкіметі тарпынан орындауға уәде еткен кейбір істер шала, орындалмаған күйде қалды не оны кейнге қалдырды. Хьюман Райтс ұйымының айтуынша Қазақстан жағы ең әуелі орындайтын бір нәрсе ол «Адам құқығы, саяси құқық жөніндегі халықаралық келісім-шартты» және де «Экономикалық-әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық келісім-шартты» Қазақтан парламенті кейіндетпей талқылап бекітуі мәселесі болмақ. Хьюман Райтс ұйымының баяндамасында айтылғанындай Еуропа Одағы Қазақстанды қыркүйектің 19 ы күні өтетін парламент сайлауын әділ де шын, халықаралық талап, нормаларға сай өткізуге шақырған болатын. Осы орайда ЕуроОдақ Қазақстандағы парламент сайлауының қалай өтетіндігі Қазақстанның өзі қызығушылық танытып отырған 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының кезекті төрағасы болып сайлануына тікелей әсер етеді соның басты алғышарттарының бірі болады дегенді ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG