Бұған жауап ретінде парламент мәжілісіне депутаттыққа үміткер құқығынан айырылған Абдумалик Сарманов: “Жанубий Козогистон” яғни Оңтүстік Қазақстан деп аталатын газетте берген сұхбатымда мен тек, өзбек балаларының Қазақстанда жүргізілетін жоғарғы оқу орындарына түсуге бірыңғай емтихан тапсыру ісінен шет қалып отырғаны туралы мәселені көтергенмін” - дегенді айтады.
- Мен сұхбатта өзбек баллары неге осындай мүмкіндіктен шет қалуы керек, біздің балалар да оқулары керек қой деген болатынмын.Біздің бар таласымыз сол мәселенің төңірегінде ғана болатын.
63-ші Cайрам аудандық сайлау округінің сайлау комисссиясының төрағасы Алимжон Ергешов мырза “Сайрам Сабоси” немесе өзбек тілінен аударғанда “Сайрам таңы” деп аталатын, “Шымкент окчоми” яғни “Шымкент ақшамы” және “Жанубий Козогистон” немесе “Оңтүстік Қазақстан” деп аталатын өзбек тіліндегі оңтүстік қазақстан облысына таралатын 3 газетте жарияланған ұлтаралық дүрдараздықты туғызатын мақалаларға Абдумалик Сармановтың қатысы бар деп есептейді. Абдумалик Сарманов: “аталған газеттердің ішінде мен тек өзім бас редактор болып істейтін “Жанубий Козогистон” газетіне шілденің 14-де сұхбат бергенмін, қалған газеттердегі мақалаларға еш қатысым жоқ” - деп отыр.
- “Сайрам Сабоси” газетіндегі материал менің мақалам емес. Маған 3 материалды сен жаздың деп тағып отыр.
Абдумалик Сарманов 63-ші сайрам аудандық сайлау округінің сайлау комисссиясы өзінің парламент депутаттығына үміткер құқығынан заңсыз айырды деген айыппен, облыстық сайлау комиссиясына шағымданғанымен, облыстық сайлау комиссиясы 63-ші сайрам аудандық сайлау округінің сайлау комисссиясының шығарған шешімін күшінде қалдырған. Осы мәселемен оңтүстік қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Торғауытовқа хабарласып, мынандай түсінктеме алдық,
- Арнайы құрылған комиссия тексерді, көрді. Сол аудандық сайлау комиссиясының шешімін дұрыс деп тауып арызды кейін қайтардық.
Қазақстандағы тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісінің төрағасы Дос Көшім мырза: “депутаттыққа үміткерге ұлтаралық дүрдараздық туғызды деген айыппен оны сайлау тізімінен тек сот орындары алуы тиіс деген пікірде”.
- Егер ұлтаралық дүрдараздық тудырған материалдар жарияласа, сөз жоқ конституция бойынша, ондай үміткерді тізімнен алып тастайды. Дегенмен мұның бәрі заң жолымен жүріп, істі алдымен заң орындары тексеру керек.
63-ші Сайрам аудандық сайлау округінің сайлау комисссиясы, мамандығы журналист Абдумалик Сармановқа, ұлтаралық араздықты тудыратын сипаттағы үгіт-насихат жұмыстарын мерзімінен бұрын бастаған, сөйтіп қазақстан республикасының сайлау туралы заңын да бұзған деп айып таққан. Оған Абдумалик Сарманов: “менімен болған сұхбат газетте мен депуттаттықа үміткер болғаннан 17 күн бұрын жарияланған”- дегенді айтады.
- Мақала “Жанубий Козогистон” газетінде, шілденің 14- күні жарияланған. Арада талай күн өтті, ешкім ештеңе деген жоқ, енді сайлау науқаны қызғанда мақаланы алдыма тосуда.
Бұған тәуелсіз бақылаушылардың республикалық желісінің төрағасы Дос Көшім мырза мынандай түсініктеме береді.
-
Заң бойынша, сайлау науқаны кезінде, депутаттықа үміткердің тарапынан алғаш рет заң бұзушылық болған кезде, сайлау комиссиясы, ескерту жасайды, екінші рет бұзса сол кезде барып, оны тізімнен шығарады.
Әзірге парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер құқығынан айырылған Абдумалик Сарманов енді Сайрам аудандық сотына 63-ші сайрам аудандық сайлау округінің сайлау комисссиясының шешімі заңсыз деген себеппен шағым жасамақ.