Accessibility links

Президент Джордж Буш ел президенттігіне екінші рет сайлануға әрекет жасауға келісті


Бұл шешім Нью-Йорк қаласында тәмам болған Республикандық партия жиынының төртінші, соңғы күнінде жарияланды. Президент Буш өз қызметімнің барысында дүниежүзінің қауіпсіздігін арттыра білдім, Ираққа қарсы ашылған соғыс жөнімен басталған науқан деп тағы да мәлімдеді:

- Біз Саддам Хұсейннің терроризмді қолдаған және агрессияға бағытталған қызметінің айғақтарын білдік. Біз оның қанау саясатының ұзақ тарихын, тіпті жойқын қару қолданғанын білдік. 11 қыркүйек біздің елімізден жаңа өлшемде қимылдауды талап еткенінде білеміз. Америкаға төнетін қауіптердің залалы болмай тұрып қимылдауға біз болашақтада міндеттіміз.

Джордж Буш президенттік сайлаудағы өзінің негізгі қарсыласы Джонн Керриге дауыс беруді – беймәлім болашақ үшін дауыс беру деп сипаттады. Джонн Керридің жақтасы болса Джордж Буштың 40 минут сөйлегені оның төрт жыл бойы сәтсіз қызметінің орнын толтыра алмайды деп сипаттады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG