Accessibility links

Бесланда адамдарды кепілдікке алу дағдарысы соңына жетті


Солтүстік Осетияның Беслан қаласында үшінші күн болып жатқан дағдарыс барысында кепілдіккеалушылармен Ресей сарбаздарының арасында қақтығыс жалғасып жатыр. Ресей арнаулы жасағының сарбаздары Алматы уақыты бойынша кешкі сағат бесте мектеп ғимаратына шабуыл жасап кірді. Оқиға жерінен тілшіміз Татьяна Соболь хабарлағандай, кепілдікке алушылар өлтірілген адамдардың денелерін мектеп ауласынан Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің қызметкерлеріне алып кетуге рұқсат етті, осы жұмыс атқарылып жатқан сәтте оқатыс басталды, екі үлкен жарылыс болды.

Спортзалдан бірнеше топ баламен ересек адамдар қашып шықты. Олармен бірге адамдарды кепілдікке алған кейбіреулерде қашып шығып, бойын аулақ әкетпек болды деп хабарланды. Аласапыран жағдай барысында адам шығыны жөнінде нақты ақпарат әзірше айтылмай жатыр. Жергілікті аурухана өкілдері 150 мен 200 арасында жаралы адам түсті деді. Солтүстік Осетия президенті Александр Дзасохов кепілдікке алушылар Чешенстанға тәуелсіздік берілсін деп талап етіп отыр деді. 500 ден аса адамды кепілдікке алғандардың саны 20 шақты делінді.
XS
SM
MD
LG