Accessibility links

“Асар” партиясының төрайымы Дариға Назарбаева “Қазақстан ұлты” қалыптасты деп жариялады


Қазақстан журналистерi конгресi атқару комитетiнiң төрайымы, “Асар” партиясының жетекшiсi Дариға Назарбаева жұма күнгi журналистермен өткiзген брифингiнде Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың “қазақстандық” ұғымының айналасына мемлекеттегi ұлттар мен ұлыстарды топтастыру идеясын жоғары бағалады. “Қазақстан ұлты қалыптасты” деп атап өттi партия жетекшiсi. Осыған орай зиялы қауым өкiлдерi арасында екi ұдай пiкiр айтылып жатыр. Оның бiрқатары қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру үшiн бұл қажет деп тапса, жергiлiктi ұлт өкiлдерi оның ақылға сыймайтын iс екендiгiн дәлелдеуге тырысып бағуда.

Журналистермен кездесуiнде Дариға Назарбаева “Негiзiнде Қазақстан ұлты қалыптасты. Бұл тарихи фактi”дей келiп “Көп ұлтты мемлекетiмiзде халықтар ұлттарға бөлiнбесе жақсы болар едi. Қазақтардың өз iшiндегi бөлiнуi оңтайлы шешiлгенi жөн”,- дейдi Назарбаева ханым. “Қазақ халқының санын көбейту үшiн басқа ұлт өкiлдерiн қазақтардың маңына топтастыру керек. Олар қазақтардың мәдениетiне, тiлiне, салт-дәстүрiне мойынсұнып жергiлiктi халық маңына топтасса бұл идеяны қолдауға болады. Ал, егер мемлекеттiк тiлдi аяқасты етiп орыс тiлiн негiзге алатын болса оған мен қарсымын ”,- дейдi Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, жазушы-драматург Сұлтанәлi Балғабай. “Қазақстан ұлты” деген ұғымға мен түбегейлi қарсымын. Бұл жоқтан бар жасау. Қазiр Қазақстанда қазақтар басым. Бұл қазақтарды отаны. Ал, басқа шағын диаспоралардың өз отандары бар ”,-дейдi саясаткер Жасарал Қуанышәлi.

“Бұл кезiндегi еуропаорталықшыларының бастамасы секiлдi келеңсiз көрiнiс. Сондықтан оның негiзi жоқ,-“ деп мәлiмдейдi күйшi Шәмiл Әбiлтаев. “Кеңес одағының кезiнде совет халқы бiр-бiрiндегi жақсы қасиеттердi қабылдап бара-бара бiр ұлтқа айналады деген теорияның ғұмыры ұзақ болған жоқ.. Қазiр Түркиядағы тұрақсыздық та осындай жаңсақ ойлардан туындады. Күрд халқы қазiр 23 миллионға жеттi. Түркиядағы 68 миллион халықтың iшiнде мәдениетiн, тiлiн, салтын қалыптастыру үшiн күресiп жатыр. Ал, болашақта Қазақстандағы әр ұлттар мен ұлыстардың өзiндiк салт-дәстүрлерiн, тiлiн, дiлiн, мәдениетiн жаңғыртып, жасандырса онда шын мәнiнде қазақстандық патриотизм қалыптасады. Ал, тап бүгiн “Қазақстан ұлты” болып жазылыңыздар дейтiн асығыс шешiм болып жатса мен оған қарсымын,- ”дейдi Қазақстандағы күрд қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесi Нәдiр Нәдiров.

Әртүрлi басылымдарда алуан түрлi пiкiрлер жариялануда. “Новое поколение” апталғында “Отан” республикалық саяси партиясының хатшысы Әзiмхан Сатыбалдин:”Қазақстан халықтарының ұлтаралық татулығына қызмет ететiн топтасқандық болса ол әбден қолдауға тұрарлық идея,-“ дейдi. “Руханият” партиясы төрайымының орынбасары Анатолий Волков: “Қазақстан халықтарының рухани жағынан топтасуы-бұл өте жақсы iс,-”деп бағалады.

Сонымен Қазақстан Президентiнiң тапсырмасымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы алуан түрлi пiкiрлер мен ұсыныстарды ескере отырып жүзден астам ұлттар мен ұлыстарды топтастыру жолындағы “қазақстан ұлты” ұғымын қалыптастыруға кiрiсiп кеттi.
XS
SM
MD
LG