Accessibility links

Беслан қаласының тұрғындары жұма күні мектепте болған қанды қырғыннан кейін енді ғана есін жия бастағандай


Осы сағаттарғы дейін келіп түскен соңғы хабарларға қарағанда, мектептегі жарылыс және атысулар кезінде 330дан астам адам қаза тапқан. Ал олардың тең жартысы - оқушы балалар. Беслан аптында қаза тапқандардың алғышқылары жексенбі күні жерлене бастады. Президент Путин сенбі күні таңертең Бесланға келіп, ауруханаларда жатқан жаралы азаматтардың жағдайымен танысты. Ал бұл арада, жүздеген солтүстік оссетиялық өз жақындары, отбасы мүшелерін іздеумен болды.

-Мен ұлымды, келінімді және немеремді іздеп жүрмін. Бір оларға не істеп қойған едік, түсінбеймін, деп Аза есімді бір қария зар жыласа, бір тілші Бесланға келген президент Путин жұртпен кездесер ме екен?, - деп сұрайды.

Ал Аза есімді ол қария кездескенде президент енді не істей қояды. Болары болмады ма деп зарланады.

Интерфакс агенттігі, Солтүстік Оссетия федералдық қауіпсіздік қызметі жетекшісі Андреевтің сөзімен, кепілдік тұтқынға алушылар бұл операцияларына жаз айларының басынан-ақ кірісіп, жарылғыш заттарды, шілде айында әкеліп мектепті жөндеуге қатысқан құрылысшылардың көмегімен еденнің астына қалдырып қойған, деген болжам айтқан.
XS
SM
MD
LG