Accessibility links

Киркук қаласындағы полиция академиясы жанында жанкешті біреу жарылғыш заты бар көлігін жарған екен


Оның кесірінен кем дегенде 17 адам қаза болып, 20-дан астамы жараланған. Талл Афарда болса АҚШ күштері мен көтерілісшілер арасындағы ауыр шайқастар барысында 13 адам қаза болып, 53-і жараланған. Ал, Франция ресми тұлғалары болса, Ирақта тұтқында отырған екі журналистің босатылатындығына сенім білдіріп отыр. Курна қаласы маңындағы мұнай құбырына көтерілісшілер шабуыл жасаған. АҚШ күштері пайдаланып отырған Дижел әуе жай сыртында көліктегі бомбалық жарылыс орын алды. Америкалық бір солдат және ирақтық екі азамат жараланған. Бүгін кепілдікке бұдан бір ай бұрын алынған мысырлықтың мәйіті қазылып алынған екен.
XS
SM
MD
LG