Accessibility links

Семинар «Сайлау және бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбына арналды


Қыркүйектің 7-і күні Астанада Американың заңгерлер қауымдастығы жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау орталығы «Сайлау және бұқаралық ақпарат құралдары» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Онда аталған қауымдастықтың заңгері, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша маман Роджер Майерс сайлау және бұқаралық ақпарат құралдары бойынша халықаралық өлшемдер жайында әңгімеледі.

Американың заңгерлер қауымдастығының заңгері бұқаралық ақпарат құралдары бойынша маман Роджер Майерстің айтуына қарағанда, электронды дауыс беруді қолдануға байланысты әзірге белгілі бір халықаралық өлшем жоқ.

Алайда, аталған мәселеге байланысты екі халықаралық норма бар. Оның біріншісі пактінің 25 –ші бабына сәйкес әр адамның жасырын даусы беруіне құқық беріледі. Және кез-келген электронды дауыс беру адамдардың кімге дауыс бергенін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл заңды тікелей бұзу болып табылады. Халықаралық өлшемдердің бұзылуы, дейді Роджер Майерс.

Сондай-ақ, ол электронды дауыс беруді қалай бақылау керектігі белгісіз. Электронды дауыс беру жүйесінің нәтижесі өзгертілмегеніне немесе парольді білетін біреудің жүйеге кірмегеніне қалай сенімді болуға болады. Бұл да бір проблема, дейді Роджер Майерс.

Ал, Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының заң бөлімінің меңгерушісі Нұржан Егінбаев электронды дауыс беру жүйесіне байланысты заңда жаңа тарау енгізілген. Аталған жүйенің енгізілуінің негізгі мәні конституциялық заңда қаралған қағидаларды сақтау. Бұл тепе-теңдік, жасырын дауыс беру және электронды дауыс беруге қойылатын басты талап, қағаз бюллетень арқылы дауыс беруге қойылатын талаптай. Олардың барлығы сақталады, дейді.

Нұржан Егінбаев электронды дауыс беру жүйесінің мемлекеттік қабылдау сәтінен енгізілетіні конституциялық заңда қаралған. Мемлекеттік қабылдауды Қазақстан Республикасы үкіметі айқындаған. Аталған комиссия бірінші кезекте конституциялық заңда қаралған талаптарға қарайды. Мен аталған жүйенің бұл талаптарды сақтайтынына сенімдімін, дейді.

Ал, Америка заңгерлері қауымдастығы жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау орталығының заңгері Сергей Власенко «Сайлау туралы» туралы заңның бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты мәселелеріне маңыз аударып отыр. Власенко мырзаның пікірінше, «Сайлау туралы» заң нақты әрекеттерді жазбай, бұқаралық ақпарат құралдарына өте көп міндеттерді жүктеп отыр.

Аталған кеңес-тренинг барысында «Сайлау туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгерістер, сайлау комиссияларың өкілеттіктері, сайлау комиссияларынан ақпарат алу, журналистің міндеті мен құқығы және басқа да сайлау барысына қатысты мәселелер сөз болды.
XS
SM
MD
LG