Солтүстік Осетияның Беслан қаласындағы қастандық құрбандарын бүкіл әлем аза тұтты. Кеше Францияның Страсбург қаласында Еуропа Кеңесіне мүше 44 елдің және Ресейдің мемлекеттік жалаулары түсірілді. Бүкіл дүние жүзінің парламенттерінде, жұмыс орындарында және басқа да жиындарында 1 минуттық үнсіздік ұсталды. Өткен аптаның соңында Бесланда болған қанды оқиғаға байланысты бүгін Мәскеуде терроризмге қарсы үлкен митингі ұйымдастырылмақшы. Наразылық шарасын ұйымдастырушылар, олардың ішінде ресми билік те бар, осы митингіге 10-даған мың халық қатысады деп жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Баспасөзге шолу
Швейцарияға жеткен қазақ пен өзбектің алтыны Ресейдікі ме?