Соңғы тәулік ішінде Бағдад қаласының Ас-Садр ауданында АҚШ әскері мен қарулы жасақтар арасында болған қақтығыстың салдарынан кем дегенде 15 адам оққа ұшып, көптеген кісі жараланды. Қаза болғандардың ішінде 1 АҚШ жауынгері де бар. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, Бағдад пен оның маңайындағы қақтығыстарда тағы 3 американ жауынгері құрбан болды. Кеше Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласының маңында әскери керуен бомбаға жарылып, 7 АҚШ жауынгері мен Ирақтың 3 ұланы құрбан болды.