Accessibility links

Чехия президенті Вацлав Клаус Қазақстанға ресми сапарын бастады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Чехия президенті Вацлав Клаус қыркүйектің 8 і күні Қазақстанға ресми сапармен келді. Чехия президенті Вацлав Клаусты салтанатты жағдайда қарсы алу рәсімі сарсембі күні Алматыдағы президент резиденциясы алдында өтті. Резиденция алдында Чехия президенті В.Клаус және оның зайыбы Ливия Клаус ханымды Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен оның зайыбы Сара Назарбаева ханым қарсы алып, амандық саулық сұрасқан соң салтанатты әскери шеру сапқа тұрып, екі елдің әнұрандары ойналды.

Бұдан соң Чехия президенті В.Клаус пен Қазақстан президенті Н.Назарбаев екеуі жеке дара кездесіп, әңгімелескен соң екі елдің делегация мүшелері толық түрле қатысқан келіссөз жүрілді. Келіссөз қортындысында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым қатынас негіздері туралы декларацияға екі ел президенттері қол қойды.

Ал екі ел арасындағы экономикалық, өнеркәсіптік және ғылми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге Қазақстан жағынан индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков ал Чехия жағынан өндіріс және сауда министрінің орынбасары Мартин Хлапа мырзалар қол қойды. Қол қою рәсімінен соң екі ел президенттері баспасөз мәслихатын өткізді.

Қазақстан президенті Н.Назарбаев осыған дейін екі ел арасында осындай жоғары дәрежелі кездесудің болмағандығын атай келе, бұл жолғы кездесу қортындысында қол қойылған құжаттар екі ел арасындағы экономикалық,сауда саттық қатынасқа тың серпін беру тиісті екендігін айтты. Ал Чехия президенті өз кезегінде Чехия Қазақстанмен арадағы қарым қатынастың «оң сипатта болуына» мүдделі дей келе түрлі проблемаларға толы Орталық Азия мемелекеттері арасынан Қазақстан көптеген проблемаларды шешіп, өзінің халықаралық саладағы саясат, елдегі тұрақтылықты нығайтуды орнатқандығын ерекше атап өтті. Сәрсембі күні түстен кейін Чехия президенті В.Клаус Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне барып осы жоғарға оқу орнының орнағандығынң 70 жылдық мерекесіне қатысты. Оған осы университеттің құрметті докторы атағы берілді.
XS
SM
MD
LG