Бірінші ұшақ соққысы туралы айтылғанда, бұл- кездейсоқ, оқыс оқиға ретінде қабылданып, Буш мырза кездесуін одан әрі жалғастырған болатын. Алайда, елбасының штаб басшысы Андрю Кард Буш мырзаның құлағына: “Елбасы мырза, екінші ұшақ Әлемдік Сауда үйін келіп соқты. Америкаға шабуыл жасалуда”-, деген болатын. Мектептен кетер алдында Буш мырза былай деп алғашқы мәлімдемесін жасаған еді: “Мен елбасы орынбасарымен, Нью-Йорк басшысымен және Федералдық тергеулер бюросы директорымен сөйлестім. Федералдық өкіметтің барлық бұлақтарынан құрбан болғандар мен олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсетілуіне және осы әрекеттерді жүзеге асырған адамдарға байланысты толық түрде зерттеулер жүргізіліп, оларды қолға түсіруге бұйрық бердім. Біздің елімізге лаңкестік әрекеттер қарсы тұра алмайды”-, деген болатын Буш мырза.
Ал, сағат 9-дан 43 минут кеткен кезде бес ұшақ алып қашушының басқаруындағы үшінші ұшақ АҚШ-тың Қорғаныс департаменті- Пентагонды барып соққан еді. Ғимарат ішіндегі 125 адам, сондай-ақ ұшақ ішіндегі 63 жолаушы мен ұшықтар қаза болған-ды. Ал, Нью Жерсиден Сан Францискоға қарай ұшып шыққан төртінші ұшақта 38 жолаушы мен ұшқыштар бар еді. Жолаушылар сымсыз телефондары арқылы жердегі туыстарымен сөйлесіп, бұдан бұрынғы ұшақтар соққысы жөнінде естіп алған болатын. Сондықтан төрт лаңкестің аталған ұшақты да бомба ретінде пайдалану ниеті жүзеге аспай қалды. Себебі, оларға жолаушылар қарсы тұрған еді. Арада бірнеше минуттар өткенде бұл ұшақ Пенсильваниядағы Шанксвилл қаласы маңында жерге құлады. Ал, Нью-Йоркте болса, құлаған қос ғимарат үйінділерінің басып қалуынан қорқым, жан ұшырған бірнеше мыңдаған адамдар бас сауғалап қашумен болған. Оның кесірінен 2 мың 800-дей адам, оның ішінде 343 өрт сөндірушілер де бар, қаза болды.
Бүкіл әлем халқы мен басшылары бұл оқиғаларды ұйымдастырушыларды қатты айыптады. Сол күні түстен кейін елбасы Буштың Уашингтондағы қауіпсіздігінің қамтамасыз етлуі қиын екендігі айтылған болатын. Ол Небраскадағы Әуе күштері базасына ұшып кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар өтісімен бірнеше сағаттардан кейін-ақ, “оны ұйымдастырушы Әл-Қайда лаңкестік ұйымы, сондай-ақ оның басшысы Осама бин Ладен Талибанның басқаруындағы Ауғанстанда жасырынып жүр”, деген пікір АҚШ өкіметі мен баспасөз беттерінде қалыптасып үлгерген болатын. Уашингтонға қайтып келісімен кешкі сағат 9-да елбасы Буш лаңкестердің өз жазасын алатындығын, сондай-ақ осындай үлкен елдің террорлық әрекеттерге қарсы күресті бастауына сол шабуылшылардың өздері себепші болғандығын мәлімдеген еді. Хабарымыздың келесі бөлімінде лаңкестік әрекеттерге қарсы күрестің әлемдік деңгейге қалай көтерілгендігі жөнінде әңгімелейтін боламыз.