Бүгін АҚШ-тың әскери ұшақтары Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласында көтерілісшілер бас сауғалады деген нысаналарға әуеден соққы бере бастады. Адам шығыны жайында толыққанды мәлімет жоқ, бірақ куәгерлердің хабарлауынша, әуе соққысынан кем дегенде 2 адам қаза болған және тағы бірнеше кісі жараланған сияқты. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, сейсенбі күнгі көше қақтығыстары мен әуе соққысынан 100-ге жуық көтерілісші қаза болды. Кеше Ирақтағы соғыс қимылдары ресми аяқталғаннан бері қаза болған АҚШ әскерилерінің саны 1 мыңнан асты.
АҚШ-тың әскери ұшақтары Ирақтың Әл-Фаллуджа қаласында көтерілісшілер бас сауғалады деген нысаналарға әуеден соққы бере бастады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр