Accessibility links

Терроризмге қарсы соғыс ғаламдық майданға айналды


11 қыркүйек шабуылдарында Америка Құрама Штаттарында үш мыңнан астам адам қаза тапты. Олар 80 елдің азаматтары болатын. Шабуылдар халықаралық терроризмнен бірде бір ел аман қала алмайтынын көрсетті. 11 қыркүйек шабуылдарына арналған "Азаттық" радиосы топтамасының екінші бөлімінде терроризмге қарсы соғыс ғаламдық майданға айналғаны айтылады. Ел үкіметтері де, террорлық топтарда өздеріне одақтастарын тауып, екі жақтанда өздерінше мақсаттарына жетіп жатыр.

Америка Құрама Штаттарына 11 қыркүйекте шабуылдар жасалғанда "Әл Қаида" ұйымы осы елге қара бұлт боп төнген ең алып күш ретінде көрінді. Содан бергі үш жылда халықаралық террорлық ұйымдар тамырларын кеңірек жайып, майданды дүниежүзінің шеңберінде ұлғайтып жіберді. Наурыз айында Мадридте жасалған шабуылдар "Әл Қаиданымен" байланысты деген исламшыл радикалдардың шабуылдарын Еуропа жеріне әкелген алғашқы ұрыс болды. Мадридтегі бомба жарылыстарынан 191 адам қаза тапты. Соңынан Орталық Азияда және Таяу Шығыста бас көтерген исламшыл жауынгерлер Еуропа ғаламдық майданның бір шеті қана екенін көрсетті. Наурыз айында Бұхара және Ташкент қалаларында жанкешті бомбашылардың қолынан және екі арада болған оқатыстардың салдарынан 47 адам қаза тапты. Өзбекстан бас прокуроры Рашид Қадыров шабуылшылар өзбек исламшыл тобының адамдары, "Әл Қаида" ұйымының одақтасымен байланысқан деп мәлімдеді:

- Тұтқындалған кейбір азаматтар диверсиялық қостарда араб инструкторларынан дәріс алдық деп көрсетті. Араб инструкторлары олардың алдында "Әл Қаида" жауынгерлерін үйреткен.

Дегенмен, Өзбекстан ресми тұлғаларының мұндай мәлімдемелері исламшыл жауынгерлерден түрме жағдайында алынған жауаптарға негізділеді, бейтарап жолмен нақтыланбайды.

Мамыр айында террорлық шабуылдардың легі Сауыд Арабияның Хобар қаласына жетті. Шетелдік азаматтар тұратын қонысқа шабуыл жасалып, 22 адам өлді. "Әл Қаида" ұйымының жергілікті бөлімшесінің бастағы жауапкершілікті мойндарына алып, батыс азаматтарын мұсылман табиғи байлықтарынан аулақ әкеткіміз келеді деп айтты. Сауыд Арабия ханзадасы Абдулла Бин Абдұл Әзіз шабуылға сөгіс айтты:

- Мұндай оқиғаларға жол бермеу сауыддықтардың және Сауыд Арабиясында тұрып жатқан азаматтардың қос мүддесі. Исламға қатысы бар ешкім, ешбір адамзат баласы, намысы бар ешкім шабуыл жасағандардың ешбір ісіне кешірім жасамайды.

Женевада орналасқан "Қауіпсіздік саясатының орталығы" дейтін ұйымның сарапшысы Джулиан Линдлей-Френч терроризмге қарсы соғыстың ғаламдық майданға айналғаны мемлекеттердің одақтасуына жағдай туғызып отыр дейді. Бірақ түпкілікті жеңіске қол жеткізу де қиындап отыр, дейді Джулиан Линдлей-Френч:

- Анығында, террорлық топтарға қарсы мемлекеттер біріксе - олардың қолындағы билік өте үлкен болмақ. Бірақ бұл топтардың қандай да бір жекелеген қауіптілігінің түйінін табу қиын. Оларды тас-талқан шығару қиын. Бұл аз десеңіз, біз 11 қыркүйек шабуылдарының тікелей салдарынан қазір алыстап барамыз. Мәселен, жау деп танылған топқа біржолата тойтарыс беру, мұндай топтарға жаңаша тосқауыл қоюды ұлғайту деген кезеңдерден өтіп барамыз.

"Қауіпсіздік саясатының орталығы" ұйымының сарапшысы Джулиан Линдлей-Френч тойтарыс беру шаралары барлау мәліметтерін жинауды арттырудан бастап террористік ортаны қоздырып отырған саяси және экономикалық мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды талап етеді дейді. Терроризмге қарсы соғыс ғаламдық майданға айналған соң ол көптеген жылдарды талап етеді, бірақ Америка Құрама Штаттары және оның одақтастары жеңіске жететіні барған сайын айқын болады, дейді сарапшылар.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG