Accessibility links

Газа секторында тағы қақтығыстар орын алды


Газа секторында бүгін Израил әскерімен палестиндік соғысушылардың арасында қақтығыстар болды. Израил танктерімен шойын мәшинелері Джабала босқындар ауылының маңына келіп, орналасқанда оларды палестиндік жауынгерлер атқылады. Израил тікұшағы зымыран атып, кемінде 4 палестиндік қаза тапты, бірнеше адам жарақат алды. Жергілікті дәрігерлер басқа қақтығыстарда 30 шақты адам жараланды дейді.

Өткен аптада "Хамас" тобы Израилде екі жанкештінің бомбалық шабуылдарын жасап, 16 израилдік азамат қаза тапқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG