Accessibility links

Джакартадағы шабуылдан кемінде 7 адам қаза тапты


Индонезия астанасы Джакарта қаласында Австралия елшілігінінің маңында бүгін бомба жарылып, кемінде 7 адам қаза тапты, олардың үшеуі полиция сарбазы, 100 шақты адам жараланды. Елшілік қызметкерлері арасында адам шығыны жоқ. Қаза болғандардың арасында шетелдіктер аталмады. Австралия сыртқы істер министрі Александр Даунер жарылысты Австралияға қарсы бағытталған террорлық шабуыл деп қабылдады. Жауапкершілікті қолма қол ешкім мойнына алған жоқ. АҚШ және Австралия елшіліктеріне әсіре исламшыл соғысушылар тарапынан шабуылдар жасалуы мүмкін деп ескертулер айтылған болатын.
XS
SM
MD
LG