Accessibility links

Ирақтың бірнеше қаласында қақтығыстар болды


АҚШ әскери ұшақтары Ирақ солтүстігіндегі Тал-Афар қаласында және Фәллуджа қаласында көтерілісшілердің бекеттерін атқылады. Сирия шекарасындағы Тал-Афар қаласы арқылы шетелдік соғысушылар өтеді деген күдік бар. Жергілікті ресми өкілдер АҚШ әскерімен соғысушылардың арасындағы қақтығыстарда кемінде 27 адам қаза тапты, 70 шақты адам жараланды деді.

АҚШ әскері Фәллуджа қаласында бірнеше әуе соққысын берді, кемінде сегіз адам қаза тапты. АҚШ әскері және Ирақ қауіпсіздік жасақтары соңғы бірнеше айда бүгін тұңғыш рет Самарра қаласына кірді. Бұл қала әкімшілігінің билікке кірісуіне атсалысуға қажет деп айтылды.
XS
SM
MD
LG