Accessibility links

Солтүстік Осетия республикасының парламенті президент Александр Дзасохов бас министрлікке ұсынған Алан Борадзовтың кандидатұрасын қолдап дауыс берді


Бесландағы қанды уақиғалардан соң қатты сынға ұшыраған үкіметті президент Дзасохов кеше бейсенбіде түгелдей қызметінен алған болатын. Солтүстік Осетияның жаңа үкімет басы Борадзов бүгін кешке дейін өз министрлерін тағайындауы қажет.

Қауіпсіздік сақтау мекемесінен хабарланғанындай, Түркиенің оңтүстік шығысындағы Сиирт қаласында бүгін жұмада қаруыл шайқастар одан арі жалғасып, 3 сарбаз және жікшіл күрдерден 4 қарулы қаза тапқан. Сондай-ақ, Түркие Күрдістанындағы ең үлкен қала Диярбакрде де қақтығыстар жалғасып келеді.

1984-99 жылғы соғыс, қақтығыстарда 35 мыңдай адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG