Олар өз көсемдерінің қызметтен кетірілгендігіне наразылықтарын осылайша білдіруде. Тілшілер хабарына қарағанда, бірнеше жүздеген наразы адамдар БҰҰ кеңселеріне от қойып, сондай-ақ елбасы Хамид Қарзай мен АҚШ-тың Ауғанстанда тұрған әскери саясатына қарсы ұрандарды айтып, айқайлаған. Кеше Исмайл Хан орнынан кетірілуі жөніндегі шешімді қабыл алып, алайда министрлік орыннан бас тартқан болатын. Оқиға жөнінде Азаттық радиосы тілшісі Басыр Бегзад былай деген болатын: “Қалаға қазір Ауған Ұлттық армиясы бақылау орнатқан. Олар қала ішіндегі бас көшелер мен жол айырықтарына бақылау жасауда. Қаланың осы бөлігінен анда-санда АҚШ әскери тікұшақтары ұшып өтуде. Олар қазіргі кезде қаладағы негізгі әскери күшке айналып отыр. Олар сондай-ақ Исмайл Хан үйі маңына да жайғастырылған”,-деген болатын Азаттық тілшісі. İшкі істер министрлігі өкілі болса ол үй қоршауға алынбаған, дейді.
Херат аймағының бұрынғы басшысы Исмайл Ханның жақтастары Херат қаласындағы БҰҰ кеңселеріне шабуыл жасады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?