Accessibility links

Бағдаттың бас көшелерінің бірінде көтерілісшілер мен АҚШ күштері арасында бүгін шайқастар болды


Оның кесірінен кем дегенде бес адам қаза болып, оның бірі палестиналық журналист, тағы 45-тейі жараланған. Келесі бір хабарға қарағанда 13 адам қаза болғанға ұқсайды. Бағдаттың батысындағы күре тамыр жолда болған көлік ішіндегі жарылыстан екі ирақтық полиция қызметкері және 12 жасар бала қаза болған. Екінші осындай көліктегі жарылыс Әбу Ғрайб түрмесі қақпасы алдында орын алды. Оның кесірінен жүргізуші қаза болып, кем дегенде үш адам жараланған. Сондай-ақ бұған дейін кепілдікте болған жеті Түрік, бір Ирақ және басқа да Араб елдері азаматтарын босатқандарын Ирақ полициясы бүгін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG