Accessibility links

Қазақстанда сайлаушылардың саяси белсенділігі төмендеп отыр деген тұжырым жасайды халықаралық «Election & democracy» ұйымы


Қазақстан тұрғындарының саяси белсенділігі айтарлықтай төмендепті деген қорытындыға келіпті «Сайлау және демократия» атты сайлауды бақылау халықаралық қауымдастығы. Бұл жөнінде осы ұйымның үйлестірушісі Инна Ивановская дүйсенбі күні қысқа мерзімді есептерін жариялай отырып, мәлімдеді.

- Сайлаушыларға сайлаудың өзі және саяси партиялар мен үміткерлердің саяси жарнамалары жағымсыз әсер қалдырып отыр.

Бұл орайда ол телефон арқылы әлеуметтік зертеулердің жүргізіліп жатқандығын, бірақ оларды жариялау әлі ерте деп есептейді. Республикалық тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің жетекшісі Дос Көшім болса, керісінше пікірде. Оның айтуынша, электортаттың қазіргі саяси белсенділігін төмен деуге болмайды:

- Себебі, саяси партиялардың жұмысы, сайлауға дайындығы, олардың сайлау технологияларын меңгеруі 1999 жылмен салыстырғанда өте жоғары. Оған қоса көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көптеп сайлауға түсіп жатыр. Сайлау заңының жаңаруы. Осының барлығы сайлаушылардың белсенділігін төмендептейтін сияқты. Қайта, керісінше, сайлауға деген белгілі-бір көзқарас көтерілді деп ойламын.

«Сайлаушылардан белгілі-бір үміткерге немесе партияға дауыс беруге күшпен итермелейтіндігі туралы арыздар жиі түседі. Бұл олардың наразылығын тудырып отыр, - дейді халықаралық сарапшы:

- Алайда, бірде-бір шағымданушының арызын жазбаша беруге батылы бармайды. Себебі, күштеушілер «электронды дауыс беру жүйесі арқылы дауыс берудің нәтижесін біліп, сонан кейін шара қолданатындықтарын» ескертеді.

Бізді электронды дауыс беру жүйесіндегі кейбір тұстар өте әбіржітеді, - дейді «Сайлау және демократия» ұйымының вице-президенті Павел Лобачев:

- Мәселен, дауыс беруге арналған пультпен кабинаға кірген адам сол жерде дауыс беріп шығады да, жаңағы іске қосылып тұрған пультті сайлау комиссиясына қайтарып береді. Бұл оның дауысын біреу пайдаланып кетпей ме деген қауіп тудырады, - дейді бақылаушы. Сонымен бірге сайлау учаскелер мен Орталық сайлау комиссиясы аралығындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі?

Оның сөзіне қарағанда, электронды дауыс беру жүйесі сынақтан өткізілген кезде компьютерге жақын тұрған ол байланыстың жиі үзіле бергенін байқаған. Сол себептен, халықаралық бақылаушылар электронды дауыс беру жүйесімен қатар қағаз бюлетеньдермен дауыс беру тәсілінің сақталуын қалайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG