Көкшетау қаласының нөмірі сегізінші сайлау округінен депутаттыққа кандидат Владимир Намовир өзінің кандидатурасын қайтарып алуына сайлаудың электрондық жүйемен жүретіндігі және үгіт-насихат барысындағы әкімшіліктегілердің әміршілдік әрекеттері түрткі болды дейді.
Және де Алматы қалалық алтыншы сайлау округінен депутаттыққа үміткер Елена Дуплина өзін,туысқандарын биліктегілер қорқытып – үркіткеннен соң кандидаттығын кері қайтарып алғанын айтады.
Осы мәселеге орай Орталық сайлау комиссиясына хабарласқанымызда, бөлім меңгерушісі Наталья Вешникова кандидаттығын кері қайтарып алушылардың күн сайын артып отырғандықтан нақты саны әлі жоқ екенін айтты. Ал мұның себебін ол кандидаттардың жеке бас проблемаларымен түсіндіреді.
Ал осы жайтқа орай Республикалық тәуелсіз бақылаушылар қауымдастығының төрағасы Дос Көшім мұның түрліше себептері бар екенін айтады.
Дұрысы мұндай жағдайда қолды сілтеп тастамай дер кезінде сотқа жүгінген жөн дейді Дос Көшім.