Accessibility links

«Түркмениль» қоғамдық құқық қорғаушы ұйымы Қазақстанның бас прокуратурасына шағым жолдаған


Navi.kz интернет газетінде жарияланған «Түркмениль» қоғамдық құқық қорғаушы ұйымының баспасөз ақпаратында осы жылдың тамыз айының 10-ы күні Қазақстанның Бас прокурорының атына Түркіменстан азаматы Ниязов Сапармұрат Атаевичке қатысты қылмыстық іс қозғау және оның Қазақстан Респбуликасының аумағында авторлық құқық бұзу фактілері бойынша жақтастарының болу мүмкіндігі жайында арыз жолданғаны айтылған.

Аталған ұйымның баспасөз ақпаратында Қазақстанда да шығарған «Рухнама» кітәбіне Ниязов «Сапармұрат Түркіменбаши» деген бүркеншек ат қойған делінген.

«Түркмениль» қоғамдық құқық қорғаушы ұйымының баспасөз ақпаратында Мәскеудің «Ғылым» баспасынан 1971 жылы шыққан К.Э. Босворттың «Мусульманские династии» кітәбінің бірнеше парағын Сапармұрат Ниязов өзіне иемденді. Осындай жағдайда бұл кітәпті орысшаға аударған П.А.Грязневичтің де авторлық құқын бұзды деп көрсетеді.

«Түркмениль» қоғамдық құқық қорғаушы ұйымы өздері жолдаған хатқа Қазақстан бас прокурорының орынбасары Мерей Уәйісовтен тамыздың 27-інде жауап алғандары айтылған.

«Түркмениль» қоғамдық құқық қорғаушы ұйымы басқармасының төрайымы Анна Дмитреваның аты-жөні көрсетілген аталған ұйымның баспасөз ақпаратына сүйенсек, тамыздың 27-інде Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары Мерей Уәйісовтен келген жауап хатта санаткерлік меншік құқығын бұзу туралы өтінштің Қазақстан Республикасы бас прокуратурасында қаралғаны, Қазақстан Респбуликасының заңдарына сәйкес авторлық құқықты бұзғандық үшін соттармен және өкілетті мемлекеттік орган-Қазақстанның әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетпен азаматтық-құқықтық жауапакершілікті қарау көзделгені айтылған. Осы ескеріліп аталған өтініштің іс бойынша қаралуы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетке жіберілгені жазылған.

Аталған шағым бойынша Қазақстан Респбуликасы бас прокуратурасының қызметкері Санжар Жұмағұловқа хабарласқанымызда ол аталған мәселеге орай дайындалып жауап беретінін айтып, өзі айтқан уақытта хабарлсауды өтінді.

Ал, осы аралықта Қазақстан Респбуликасы Әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің төрайымы Нұрғайша Сахиповаға хабарласқанымызда, ол «Рухнамаға» байланысты түскен хат бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуға болар ма екен деген сұрақ қойылған. Біздің комитет қылмыстық жауапкершілікке ешкімді тартпайды. Сондықтан ол біздің құзырымызға жатпайтын нәрсе. Түскен өтінішті біз бас прокуратураның өзіне қайтарған болатынбыз, деді.

Бұдан соң жоғарыда аталған баспасөз ақпаратында көрсетілгендей «Түркмениль» қоғамдық құқық қорғаушы ұйымына Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Мерей Уәйісовтың жауап хатын дайындауды орындаған Санжар Жұмағұловқа хабарласқанымызда ол басшылардың рұқсаты қажет деген жауап қайтарды.

Сонымен Navi.kz интернет газетінде жарияланған «Түркмениль» қоғамдық құқық қорғаушы ұйымының баспасөз ақпаратындағы шағымның барысына байланысты Қазақстанның бас прокуратурасынан білу мүмкін болмады.
XS
SM
MD
LG