Accessibility links

Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру мақсатында 85 құжатқа қол қойылмақ


Қыркүйектiң 15-iнде Бiртұтас экономикалық кеңiстiк жобасына қатысушы -Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина елдерiнiң мемлекет басшылары деңгейiндегi саммитi өтедi. Ал қыркүйектiң 16-сында ТМД елдерi Мемлекет басшыларының кеңесi өткiзiлмек. Оған 17 мәселе ұсынылып отыр.

Ал Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi Жоғарғы деңгейдегi жұмыс тобының қыркүйектiң 14-i күнгi отырысында аталған құрылымды құру барысында барлығы 85 құжат қабылданатындығы, бұл жолғы саммитте оның 26-сына қол қойылатыны айтылды. Негiзiнен шекара, көшi-қон, қылмыс және есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес, халықаралық терроризм мәселелерi қамтылмақ.

Ресейлiк сарапшы Владимир Спасскийдiң айтуынша, жалпы төрт мемлекеттiң арасындағы экономикалық бағытта 85 негiзгi құжаттармен жұмыс жүргiзiлiп жатқан көрiнедi. Бұл жолы бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру жөнiндегi Жоғарғы деңгейдегi жұмыс тобының 15-шi отырысы күн тәртiбiндегi 29 мәселе жөнiнен уағдаластыққа қол жеткiздi.

Қазақстанның кедендiк бақылау агенттiгi төрағасының орынбасары Аманияз Ержановтың аталмыш мемлекеттер арасында қылмыстық әрекеттерге қарсы бiрлесiп күресу шаралары қолға алынғанымен, қылмысқа қатысы жоқ азаматтардың шекарадан өтуiне төрт жеңiлдiк қарастырылып отыр.

Сенатор Уәлихан Қайсаров болса, “Қазақстан жерi арқылы Ресейге өтушiлер көп. Шекаралық проблемалар жетiп артылады. Ең күрделi мәселе Қазақстан мен Өзбекстан елдерi арасында қалыптасып отыр”,-дейдi.

Саясаттанушы Әзiмбай Ғали шекаралық кеден бекеттерiндегi бақылауды бiр сәтте босаңсытпай, қайта халықаралық деңгейдегi қадағалау шараларын күшейту керектiгiн айтады.

Қыркүйектiң 15-iнде Қазақстанның сыртқы iстер министрлiгiнде тәуелсiз мемлекеттер достастығы елдерiндегi шекаралық саясат, көшi-қон, қылмысқа және заңсыз есiрткi айналымына қарсы күрес мәселелерi қаралмақ.
XS
SM
MD
LG