Accessibility links

Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы «Жас алаш» газетін, ал газет журналистері оларды сотқа беруі мүмкін


«Ит жетектеген әйел немесе Абылайдың атын қор қылған үміткер» деген «Жас алаш» газетінде қыркүйектің 7-де жарық көрген мақала бүкіл Қазақстан әйелдерінің іскерлік беделі мен ар-намысына тиеді деді Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсенбаева.

- Онда айтылғандай «Көш бастаған әйел оңбайды» деген сөзді естіп қатты қорландық. Сондықтан, егер «Жас алаш» газеті мақаланы теріске шығармаса, біз сотқа шағымданымыз.

Оның сөзіне қарағанда, бұл орайда олар мақаланың басты кейіпкерлерінің бірі «Асар» партиясының төрайымы Дариға Назарбаеваға өз ойларын жеткізген.

- Дариға Нұрсұлтанқызы: «Ол сіздердің құқықтарыңыз»,- деп жауап берді... Мақала авторы Жұлдыз Әбілдә тапсырыспен материал дайындаған. Ол бұл оқиғаның тарихын біледі.

Ал «Жас алаш» газетінің тілшісі Жұлдыз Әбділдә іскер әйелдер қауымдастыңын артында «Асар», «Отан» партиясы тұр. Керісінше олардың әрекеттерінен тапсырыстың ізі білінеді, ал біз ешқашан ондай саяси ойындарға араласқан емеспіз дейді мақала авторы.

- Ол ешқандай саяси тапсырыс емес. Бізде «журналистер тапсырыс орындайды» деген пікір қалыптасқан. Егер «Жаса алаш» тапсырыс орындаса, жағдайымыз жақсарар еді, екі ұртымыздан май ағып отырар еді.

Іскер әйелдер қауымдастығының Жамбыл облысындағы өкілі Жұмагүл Омарова мақаланың сайлау қарсаңындағы «Асар» партиясына қарсы әрекет екенін жоққа шығармайды:

- «Асар» партиясы лидер партиясының қатарында. Басқа партиялар өз жұмысытарын көрсете алмай, осындай жағдайдаға келіп отыр.

«Әділ сөз» ұйымының сарапшысы Ғалия Әженова әйелдер қауымдастығының мәлімдемесінде заңға қайшы тұстар бар екенін тілге тиек етеді.

- Ар-намыс, іскерлік беделді қорғауғакелгенде арызды беретін кімдер? Заңды тұлғалар, жеке дара тұлғалар. Мен, мысалы, бір кластың, бір қауымның атынан жеке дара арыз бере алмаймын. Қауымдастық болса да, ондай талап-арызды мен қоя алмаймын.

«Жас алаш» газетінің тілшісі Шыңғыс Мұқан әйелдер қауымдастығының таққан айыбы намысымызға тиеді дейді.

-

Белгілі-бір тұлғаға байланысты сайлаудың қарсаңында көтеріп отыр. Яғни, оны тапсырыс деп түсінуге болады. Дариға Назарбаеваға бұл жерде «Жас алаш» қарсы емес. «Жас алаш» Дариға Назарбаеваның істеген істерін, айтқан сөздеріне объективті айғақтар келітре отырып, қортынды жасап отыр.

-

Керісінше сіздер тапсырыс орындады деп айтты ғой...

-

Ол ойдан шығарылған. Ол жалған. Осыған қарап, біз де шағым беруіміз мүмкін. Сотқа ма, басқасына ма...

Әзірге бұл мәселе редакция ұжымында талқылануда екендігін жеткізді «Жас алаш» газетінің тілшісі.
XS
SM
MD
LG