Accessibility links

"Кассини-Хойгинс" ғарыш кемесінен алынған жаңа суреттерден Сатурн серігінде жаңа сақина бар екендігін көруге болады дейді ғалымдар


"Кассини-Хойгинс" ғарыш кемесінің зерттеулері күн жүйесіндегі алтыншы планетадан жаңа мәліметтер жолдауды жалғастыруда. Бұл деректер Сатурнның 34-ші серігінде жаңа сақинаның бар екендігін көрсетеді және планета серіктері шеңбердің формасына да әсер ететіндігін байқатады.

Сатурнның жаңа сақинасы мен серіктері жөніндегі жаңалықтар Лондон университеті патшалық колледжіндегі Британия астрономы Карл Мюррейдің еншісінде десе болады. Бірақта профессор Мюррей Азаттық радиосына берген сұхбатында аталған жаңалықтың ашылуында өзінің шағын ғана роль атқарғанын айтады:

-Мен бұл жаңалық толығымен Кассини командасының иелігіне жатады деген болар едім. Мен сол команданың бір мүшесімін. Мен тек қана бұл жаңалықты алғашқы болып көру мүмкіндігіне ие болдым, ал жаңалықтың өзі сол команданың еңбегі. Мюррей қазір Сатурн маңайындағы орбитадағы ғарыш кемесінен беріліп жатқан жүздеген сәуле-суреттерді зерттеп, тану арқылы жаңа сақина мен жаңа планета серігін байқауға мүмкін болды дейді. Команда космостан алынған бұл сәулелерді бұдан 20 жыл бұрын Сатурнға ұшқан Американың саяхатшы кемесінен алынған сурет сәулелермен салыстырып қарап көрген.

-Бұл ашылған жаңа сақина шілденің бірінде алынған бейне сәулелерде байқалған болатын. Тек космос кемесінің моторы жанғаннан кейін биіктен әлгі сақиналарға қайтадан қараған кезде сақина шеңберлердің бір-бірін қиып өтетініндігі көрінген. Бізге жеткен осы геометриялық көріністер аталған сақинаны көрсетті,-профессор Мюррей.

Күн жүйесіндегі Сатурннан басқа планеталар: Юпитер, Нептун, Уранда да сақиналардың болатындығы белгілі. Әрине сөз жоқ, Сатурн олардың ішінде ең бір таңқаларлық құпиясы көп планета.

Сатурн сақинасын ең алғаш рет италияндық астроном Галилео Галилей 1610 жылы ашқан болатын, кейінірек оны голландиялық астроном Христиан Хойгенс нақтылай түскен еді. Галилейдің отандасы Жовани Кассини Сатурнның ең үлкен серігі Титанды ашқан болатын.

Міне сол себепті де ғарыш кемесі "Кассини Хойгинс" деп осы алғашқы астронафтардың құрметіне олардың есімдерімен аталған еді. Ені шамамен 3- 5 шақырым болатын жаңа серіктің табылуы сақина құрылымын зерттеудің бір бөлігі ғана болатын. Ғалымдар Сатурн сақиналары әліпбилік әріптер жүйесіне ұқсас таңбаланады деген қорытындыға келген. Мюррей орталықтан ең қашықта жатқан сақинаны "Ф" әрпіне ұқсатуға болады дейді.

-Сатурнның жаңа серігін көруге болатын бейне-сәуле 21 маусымда алынған еді. Бейне сәулелерді зерттейтін топ жетекшісі Каролин Порко көзге түспей, байқалмай қалған ең кішкентай деген серіктер бар ма деп суреттерді мұқият қарады. Міне сол бағытта мен сырттай қарағанда "Ф"-ке ұқсас сақинаны бірінші көрген адам болдым,-дейді ғалым Мюррей.

Сатурнда магнитті толқындардың болатынын тапқан команданың басшысы, британиялық басқа бір ғалым Стэн Колей жаңа серік сақиналардың формасына әсер етеді деп ойлауға болады дейді:

-Мұндағы жаңа суреттер проблеманы шешетіндей, өйткені сақинаға жақын ең кемінде бір серіктің бар екендігі анық. Оның біз көріп тұрған құрылымға қандай да бір әсері бар.

Ал Карл Мюррей болса әлі де көп жаңалықтар ашуға болады деген үмітте.

Сонымен бұл айтылғандардан әзірге жасауға болатын қорытынды астронафт ғалымдар Сатурнның алда талай құпия ғажайыптарын ашуы мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG