Accessibility links

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер Ауғанстанның қайта құрылуына көмектесетін қаржылық қор құрды


Азияның саяси жетекшілері Ауғанстанның қайта құрылуына көмектесетін жобалар бойынша арнайы қор құрғандықтарын мәлімдеді. Ол жөнінде сейсенбі күні Тәжікстанның астанасы Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық елдерінің басшыларының жоғары дәрежелі кездесуінде айтылды. Мұнда сондай-ақ Иран мен Ауғанстан,Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері өз елдері үшін маңызды сауда жолы болатындай ұсыныс жайында да әңгімелескен.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің саммитіндегі айтылған ең бір маңызды жайт ол- Ауғанстанға көмектесетін қор құру мұндағы баяу жылжып жатқан іс-шараларға қарқын берудің бір жолы деп атап көрсетілген. Осы топтың бас хатшысы Асхад Оразбай мұндай қор құрудағы басты мақсат жөнінде журналистер алдында Душанбеде былай деген:

-Менің ойымша мұндай қор құру әрине Ауғанстанның барлық мәселелерін шешуге көмектеспейді. Дегенмен де саяси, рухани жағынан қарағанда біздің ауған халқымен бірлестігімізді көрсету үшін өте маңызды. Және соңғы 20 жылдың ішіндегі соғыс барысында әлсіреген бұл елдің экономикасының қалпына келтірілуіне біздің елеулі көмегіміз болар еді.

Әзірге Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тек бір мүшесі Пәкістан ғана бұл қорды қостап, қолдау көрсеткен.

Түркменстанның табиғи газын Ауғанстанның батысы арқылы Пәкістанның оңтүстігіндегі тарату орталығына жеткізуді көздеп, құбыр тартпақшы Пәкістан аталған қорға 5 миллион доллар қаржы салуға уәде еткен.

Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмонов бұл қорға жинақталатын ақша аймақтық қуат көздері жобаларын қаржыландыруға жұмсалатын болады деп айтқан. Ол сондай-ақ қор қаржысы инфрақұрылым жобаларына пайдаланылып, атап айтқанда Иран мен Тәжікстан арасын байланыстырып, солтүстік Ауғанстанды кесіп өтетін басты байланыс жолына жұмсалса деген ұсынысын білдірген. -Елдер мен үкіметтер басшылары біздің ұйым жетілу деңгейіне жетті деп есептейді. Ол аймақтағы маңызды нысандардың экономикалық өсуіне ықпал ете алады деп сенеді, олардың ішінде біздің макроаймақтың нығайуына және дамуға әсер ететін гидрошаруашылық, қуат көздері мен өнеркәсіп сияқты басты салалары бар,-деген Рахмонов. Саммиттің ресми бөлімі қорытындыланған соң, Тәжікстан президенті Рахмонов Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен және Иран президенті Мохаммед Хаттамимен оңаша кездесіп, әңгімелескен. Тәжіктің ресми билік өкілдерінің айтуынша бұл үшжақты келіссөздер солтүстік Ауғанстанды басып өтетін Иран-Тәжікстан жолы жөнінде болды деген. Швециядағы "Жібек жолы" қазіргі заманғы зерттеулері бағдарламасының зерттеуші директоры Сванти Корнелл Азаттық радиосына берген сұхбатында Иран да, Тәжікстан да Ауғанстанның солтүстігі арқылы өтетін бұл маңызды жолды салуға мүдделі дегенді айтады: -Тәжікстандағы қазіргі жағдайды алатын болсақ, ол экономикалық және сауда жағынан Өзбекстаннан оңашаланып қалған. Бұл ретте сөз болып отырған жағдай Оңтүстік Азия немесе Таяу шығысқа, Иранға жол ашатын болады. Ал Иранның елдің экономикалық дамуында маңызды ролі бар деуге келеді. Корнелл сондай-ақ Ауғанстанның солтүстігінен Тәжікстанға қарай өту парсы жане дари тілдерінде сөйлейтін бірнеше аймақты бір-бірімен байланыстыратын болады дегенді айтады. Алайда Корнелл экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстан сияқты елдер бұл ұсынылып отырған жол салынғаннан тиімділік, пайда көрмейді дегенді де атап көрсетеді. Сондықтан да олардың жобаға қатысуға оншалықты құлықты болмауы да мүмкін дейді ол. Ал Экономикалық ынтымақтастық ұйымының басқа екі мүшесі Әзербайжан мен Түркия мемлекеттері.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG